Алғаш коронавирус анықталған әйел Алматы ауруханасынан жазылып шықты

26 Наурыз 2020, 18:50
1273
Бөлісу:
Алғаш коронавирус анықталған әйел Алматы ауруханасынан жазылып шықты
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында коронавирус жұқтырған науқастардың  жағдайын айтып берді.

 Оның айтуынаша, қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекция анықталған 40 жағдай тіркелген. 
Жаңадан анықталған пациенттердің жай-күйі туралы айтар болсақ, 1995 жылы туған бірінші пациент 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келді. Коронавирус анықтаған қалған адамдар КВИ-дың расталған жағдайындағы адамдармен байланыста болғандар. Барлық пациенттерде қазіргі уақытта жай-күйі  қанағаттанарлық, - деді ол.

Сонымен қатар ол, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар емханасында қазіргі уақытта 40 пациент барын, оның екеуі  бала екенін айтты.
38 пациенттің жай-күйі  қанағаттанарлық, 1 баланың жай-күйі, сондай-ақ, нашарлаусыз ауырлығы орташа дәрежеде, біреуінде жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 1956 жылы туылған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланысты екендігін естеріңізге сала кетейік, - деді Әбілдаев.  

Оның айтуынша, провизорлық госпитальдарда карантинде 931 азамат, оның ішінде 57 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.
Бүгін, 26 наурызда Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел емделіп шығарылды. Ол коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың Қазақстанда алғашқылардың бірі болды. Пациент шет елдерде – еуропалық елдердің бірінде коронавирусты жұқтырған.  Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда бастан кешірді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау талдауы коронавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы