Все новости за 26 ақпан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматыда Абайдың поэзиясы мен музыкасына арналған кеш өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыдағы Республика сарайында қазақтың ақыны, ойшылы және композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған поэзия мен музыка кеші өтті.
-
АШМ жемқорлықпен күрес әдістерін ұсынды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Комитет келесі іс-шараларды енгізуді жоспарлаған:
-
ҰОК-тың жаңа басшылық құрамы бекітілді
ҚР ҰОК Жарғысының ережелеріне сәйкес, Бас хатшы және вице-президент лауазымдарына үміткерлерді ҰОК Президенті ұсынады. Осылайша, Сәкен Мұсайбеков Бас хатшы болып қайта сайланды.
-
Коронавирус. Қазақстандағы жағдай
Мониторингке барлығы 24 469 келгендер алынды, 23 979 қамтылды, мониторингтен 24 355 алынды, соңғы 14 күнде келген 114 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 25 адам.
-
Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қызметтер порталын сынақтан өткізіп, іске қосты. Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар адам алғаш рет портал арқылы техникалық оңалту құралдарына тапсырыс беріп, оларды ала алды.
-
"Бақытты отбасы" мұқтаж адамдарға дер кезінде көмек берудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың төрт айлық жұмыс барысында "Бақытты отбасы" орталығына 1246 адам тіркелді және 11789 қызмет көрсетілді.
-
Президент үш аусымды мектептердің мәселесін шешуді тапсырды
Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы жайында баяндалды.
-
Ақордада қаржылық алаяқтық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда Алғыс айту күні қалай тойланады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғыс айту күніне орай елордада 20-дан астам мәдени іс-шаралар жоспарланған. Мерекелік шаралар қаланың барлық ұйымдарында, оқу орындары мен аудан әкімдіктерінде өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстан мен Өзбекстан 500 млн доллардың 52 келісіміне қол қойды
Қазақстан Үкіметінің басшысы екіжақты сауда айналымын одан әрі ұлғайту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар қазіргі өзара мүдделерді белсенді жүзеге асыру және жаңа бағыттарын іздестіру қажеттігін көрсетіп отырғанын айтты.
-
Назарбаева: Еліміздегі жеңіл өнеркәсіпке даму бағдарламасы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында сауда алаңдары мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың және нарық субъектілерінің өкілдерімен кездесті.
-
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар Қазгидромет 27 ақпанда елміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жасады.
-
29 судья теріс әрекеті үшін жұмыстан шығарылды
Осыған қоса 7-і заңды өрескел бұзса, тағы 7-і лауазымына сай келмеген. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 72 судья.
-
Абай-175. Қызылжарда жас ақындар мүшайрасы өтті
Бұл мүшәйраның қорытынды кезеңі. Бұған дейін іріктеу туры өткен болатын. Оған Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысты.
-
Елбасы Мысыр халқына көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Назарбаев түркиялық саясаттанушыны қабылдады
Кездесуде Елбасы Қазақстанның қалыптасу тарихын зерттеуге танытқан қызығушылы үшін профессор Кюршад Зорлуға алғысын білдірді.
-
"Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі іске қосылады
Елордада өткен алқалы жиында бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды
-
Елбасы жаңадан тағайындалған мүфтиді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
СҚО фермері елге заңсыз елу сиыр алып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысында чехия елінен әкелінген 50 сиырдың ұсталғаны туралы хабарламаға түсініктеме берді.
-
Тасқын суға дайындық: өзендердің деңгейі қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Үкімет отырысында 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай негізінде Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында көктемгі су көп болады деп күтілуде.
-
МСҚ жүйесін енгізгеннен бері КТ және МРТ қызметтерін тұтыну 54%-ға артты
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы мен Алматы қаласы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдыкапаров міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсету туралы айтып берді.
-
Енді электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілті берілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке және заңды тұлғаларға электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беру процедурасын тоқтатты.
-
Данияр Елеусінов титул үшін жұдырықтасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі 17 сәуірде АҚШ-тың Оксон Хилл қаласында өтеді.
-
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда #FrankofonıNaýryzy2020 басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жылы #FrankofonıNaýryzy маусымы өзінің бастауын 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент қаласынан бастау алып, қазақстандықтарға арналған франкофон мәдениеті мен француз тілінің түрлілігін насихаттайтын мәдени іс-шаралар бағдарламасын ұсынады.
-
Елімізде 25 мыңға жуық Шыңғыс хан ұрпағы бар – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұрын Алтын Орданың бізге қатысы жоқ сияқты айтылып келді, дегенмен Тәуелсіздік алған соң нағыз тарихи деректерді айтатын кез келді.
-
СҚО-да пакетке салынған шақалақтың денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының ауруханасының маңынан пакетке салынған жаңа туған шақалақ табылды. Қыз баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалады.
-
Депутат Косарев "ұйқы дертіне" шалдыққан ауылдың мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владислав Косарев "ұйқы ауруына" шалдыққан Ақмола облысындағы Калачи мен Красногорск тұрғындарының мәселесін көтеріп, мемлекеттік органдарға сауал жолдады.
-
"Ауыл" партиясының төрағасы студенттерге ашық лекция өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы, "Ауыл" ХДПП төрағасы Әли Бектаев студенттермен кездесті.
-
Жалақыны кешіктіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартыңыздар – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор іске қосылғалы, бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын тексерген.
-
Тағы бір резервші басшылық лауазымға тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Бекжан Мухидинұлы Әлімқұлов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы болып тағайындалды.
-
Тарихшы: Алтын Орда тарихын зерттейтін арнайы ғылыми мекеме керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. XIX ғасырдың басынан бастап, Алтын Орда тарихына назар аударыла бастады. Бірақ толық жүйелі түрдегі тарихы әлі жазылған жоқ.
-
Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады.
-
Қазақстанда көліктің VIP нөмірлеріне сұраныс азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.
-
Біз Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тіліміз, мәдениетіміз, фольклорымыз, дініміз осы Алтын Орда дәуірінде қалыптасты, соның нәтижесінде өз алдына шаңырақ көтерген Қазақ хандығында қазақ деген этникалық мәнмен тарих сахнасына шықтық.
-
Елімізде 1430 сот залы цифрлық форматқа көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов ОКҚ аясында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
-
БҒМ: Түркістан облысында мұғалімдерден 17 арыз-шағым түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаменті басшысына ескерту жасалды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
-
Апатты жағдайда қонған ұшақта болғандардың аты-жөні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Өскеменде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған ұшақтың ішінде бес адамның болғаны хабарланған болатын.
-
"Гарант-24" ломбардының қожайындары қай жақта жүруі мүмкін екені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов – Қаржы пирамидасының екі құрылтайшысы Ресей мен Қырғызстан аумағынан іздестіріліп жатқанын айтты.
-
Өскеменде ұшақ апатты жағдайда қонды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ан-2 санавиация ұшағы сағат 12:33-те Өскемен қаласы Прапорщиково ауылының маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.
-
Ерлан Саиров: Қордай мәселесінде құзырлы органдардың кінәсі басым
Осы жанжалды тәртіп сақшылары қалай реттеген, мәселе сонда. Іске Қордай аудандық прокуратурасынан азаматтар келеді, Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасынан қызметкерлер келеді.
-
Бекзат Саттархановтың әкесі дүниеден озды деген хабар барлығымызға ауыр тиді – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министр Дәурен Абаев Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озғанына байланысты отбасына көңіл айтты.
-
Коронавирус. Елімізге шетелден келгендер үй карантинінде болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
-
Бас санитариялық дәрігер коронавирусқа қатысты қаулы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды.
-
Қаржылық алаяқтық. Ломбардқа жарнама жасаған жұлдыздар тергеуге алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидасын құрып жүрген ломбардтардың жарнамасына түскен әлеуметтік желідегі танымал адамдарды полиция шақыртып, тергеу жүргізетінін айтты.
-
Абай-175: Оны ақын, дана ретінде ғана танитын секілдіміз
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық сотында өткен конференцияда хакім Абайды заң саласын жетік білген би, заңгер ретінде де танытуға көңіл бөлу керектігі айтылды.
-
Президент жолаушылар тасымалының сапасын арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Павлодардағы жол сапасы 2025 жылға қарай жақсарады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға жетеді деп күтілуде. Көрсеткішке қол жеткізу үшін биыл 66 жол учаскесінде, яғни 466 шақырымдық тас жолда жөндеу жұмыстарын жүргізілмек.
-
Біз оны жасырмаймыз: Сот алқасының төрағасы шындықты айтты
Сот төрелігін цифрландыруға тоқталсақ, бұл салада біраз жұмыстар атқарылуда. Соттарға бүгінгі түсіп отырған барлық талап-арыздар мен арыздардың 70 пайызы электронды жүйеде қабылданып жатыр.
-
Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Шығысқазақстандық шаруалар швейцариялық тәжірибені меңгеруде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласында ұйымдастырылған оқыту семинарында шығысқазақстандық кәсіпкерлер швейцариялық қолданбалы экономика мектебінің әдістемесімен танысып, тәжірибе алмасты.
-
Талдықорғандағы студенттер жатақханасы дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласы "Қаратал" шағын ауданында студенттерге арнап салынған 288 орындық жатақхана бірер айдың ішінде пайдалануға берілмек.
-
Кәрім Мәсімов қосымша қызметке тағайындалуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Кәрім Мәсімов тағы бір спорттық қауымдастықтың тізгінін ұстайды деп күтілуде.
-
Коронавирус: Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 1146 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 169 адам коронавирус жұқтырған. Бір адам қайтыс болды.
-
Көкшетаудың ANTIKOR орталығында "Галстуксіз" кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Галстуксіз" дәстүрлі бейресми кездесу парасаттылық пен адалдық қағидаларын тәрбиелеу, мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдік-этикалық бейнесін қалыптастыру бойынша білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған.
-
Ұлттық кітапханаға Алтын Орда хандарының хаттары қойылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық кітапханасында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған "Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті" атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.
-
АҚШ азаматы Пентагон ғимаратының алдында көлік жармақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арканзас штатының 19 жастағы тұрғыны Пентагон ғимаратының алдындағы тұрақта біреудің Land Rover көлігін жарып жіберуге тырысқан.
-
Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалды.
-
Қайырымдылық өмірімнің өзгеше бір әлемі – волонтер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ол волонтерлік ісін мақтан тұтады. Онымен достары мақтанады. Ол қайырымдылық жасау жан рахаты деген пікірде. Қарағандылық ерікті Нұрхан Алшынбеков кім? Ол неге "Тирас" атанды?
-
Коронавирус: сауыққандар саны 28 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DXY.cn деректеріне қарағанда, әлем бойынша 80 422 адам коронавирус жұқтырған.
-
Павлодар облысында су басу қаупі бар 31 аймақ анықталды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қызыл су басуы ықтимал 31 елді мекен анықталды. Бүгінде салалық мекемелер арнайы техника мен жеке құрамдарын даярлап қойған.
-
Атыраулық отбасыларға əлеуметтік пакеттер таратыла бастады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларға əлеуметтік пакеттер беріле бастады.
-
"Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасы аясында 75 нысанның жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасы аясында 75 әлеуметтік маңызы бар нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
-
26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Бала асырап алам десеңіз...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ірі бизнесмен Айдын Рақымбаев жұбайы екеуінің қалай бала асырап алғанын әлеуметтік парақшасында жазды.
-
Атырауда әскерилер 50 литр қан тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда әскери қызметкерлер 50 литрге жуық қан тапсырды, деп хабарлайды "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен.
-
ШҚО-да 19 рет мал ұрлаған екі жігіт қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 19 рет мал ұрлаған екі ер адам ұсталды. Олар 100-ден аса мал басын қолды қылған. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлімдеді.
-
Астанада қарды уақытылы шығармаған сауда орындары айыппұл төлеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, іргелес және бекітілген аумақты қар мен мұздан уақытылы тазартпағаны үшін 120 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 5 725 000 теңгені құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған «Сарыағаш» қылмыстық тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz
-
Таразда мұғалімдерден ақша талап еткен мектеп директоры қызметінен шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда мұғалімдерден ақша талап еткен мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, мұғалім жұмысына қайта орналасты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында баспасөз орталығы хабарлады.
-
Жоғалған жұмбақ қала ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чикагодағы Шығыс институтының археологтары б.э.д. 1400 жылдан б.э.д. 600 жылға дейін созылған және Мидас патша басқарған Фригияны соғыста жеңген ежелгі патшалықтың жоғалған қаласын тапты. Бұл туралы Phys.org сайтындағы баспасөз хабарламасында айтылды.
-
Бауыржан Байбек Отырардың зиялы қауымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға іссапары Түркістан облысында жалғасуда. Сапар барысында Б. Байбек Отырар ауданында болып, өңірдің зиялы қауымы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Павлодар облысының тұрғындары жол сапасына қатысты арыз-шағымдарын білдіре алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол сапасына қатысты сұрақтарымен "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК облыстық филиалы жанындағы "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне жүгінуге болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
-
Қазақстан елшісі Словакия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роман Василенко резиденциясы Братиславада орналасқан Қазақстанның осы елдегі тұңғыш Төтенше және өкілетті елшісі ретінде Словакия Республикасының президенті Зузана Чапутоваға сенім грамоталарын тапсырды.
Наверх