Қазақстанда #FrankofonıNaýryzy2020 басталды

26 Ақпан 2020, 16:37
1421
Бөлісу:
Қазақстанда #FrankofonıNaýryzy2020 басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жылы #FrankofonıNaýryzy маусымы өзінің бастауын 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент қаласынан бастау алып, қазақстандықтарға арналған франкофон мәдениеті мен француз тілінің түрлілігін насихаттайтын мәдени іс-шаралар бағдарламасын ұсынады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде 6 елшіліктің қатысуымен #FrankofonıNaýryzy 2020 маусымына мен Халықаралық Франкофония Ұйымының 50 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Біз адамның құқығы, білім алу құқығы, демократияның маңыздылығы туралы мәселе көтереміз. Франция елшілігі үшін қоршаған ортаны қорғау мәселесі де өте маңызды. Frankofonı елдері де осы бағыттарды қолдайды. Әйелдердің құқығын қорғайтын Frankofonı мүше елдердің әйелдер клубы бар, - деді Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ.
_SCK3800.JPG

Сонымен қатар, франциялық дипломат Қазақстанда #FrankofonıNaýryzy 2020 маусымы аясында өтетін шараларға тоқталды.

Өткен жылы біз 88-ден астам іс-шара ұйымдастырдық. Бірнеше қалада Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей, Қарағанды, Шымкент т.б. қалаларда шара өтті... Биыл франциялық аспаз келіп, мастер-класс өткізеді. Бельгия елшілігімен Петропавлда шара өткіземіз. Біз Абайдың қара сөздерін француз тілінде сөйлетеміз, - деді Франция елшісі.

Бұл жылы әдеттегідей #FrankofonıNaýryzy маусымы 1 наурыздан 30 сәуірге дейін жалғасып, Бельгияның, Канаданың, Ливаның, Марокконың, Мысыр Араб Республикасының, Францияның және Швейцарияның Қазақстандағы Елшіліктерімен және Қазақстанның Француз Альянстарымен ұйымдастырылатын болады.

Біз 1981 жылдан бері Frankofonı мүше болып келеміз. Яғни, 40 жылдан асты. Біздің тұрғындарымыздың көпшілігі француз тілінде сөйлейді. Мароккодан 30-32 мың адам Францияда білім алып жатыр. Мароккода Frankofonı бойынша ірі конференциялар өткіземіз. Яғни, біз үшін Франкофонияның маңызы зор. Француз тілінің орны да ерекше. Франкофония елдерінің арасында тауар айналымының 30 пайызы француз тілінде жүзеге асады. Франкофония – біздің ортақ мүддеміз. Сондықтан біз ортақ мәдени түсінік болғанын қалаймыз. Ал осы жылдың желтоқсанында Тунисте өтетін саммитте цифрлық технологиялар саласын талқылаймыз. Марокко Қазақстанда Франкофония аясында екі фильм ұсынады, - деді Марокконың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абделжалил Саубри.

_SCK3738.JPG

Франкофония – әлемнің 5 құрлығындағы 88 елді және 300 000 000 сөйлеушіні біріктіретін геомәдени кеңістік. Жыл сайын 20 наурыз күні бүкіл әлем бойынша халықаралық Франкофония күні тойланады, ал бұл күн Қазақстандағы Наурыз мерекесін тойлаумен тұспа-тұс келеді. Аталмыш маусымды #FrankofonıNaýryzy деп атаудың мәнісі де осында жатыр. 

Осы жылы біз 50 жылдық мерейтойды атап өтеміз. Бұл туралы әріптестерім атап өтті. Бүгін осында жиналған барлығымыздың ортақ тіліміз бар. Бір елдер үшін бұл тіл көне, тарихи тіл, бір ел үшін ана тілі, бір ел үшін байланыс тілі. Бірақ ең бастысы біз үшін бұл тіл бізді ортақ мақсат үшін біріктіреді. Француз тілі – Швейцарияда төрт ресми тілдің бірі... Біз Қазақстан үшін ірі 20 инвестордың біріміз. Қазақ мұнайының ірі сатып алушыларының біріміз. Бізде сатылатын 3 литр бензиннің 1 литрі Қазақстаннан импортталады. Ал, алдағы Франкофония мерейтойы аясында елордада фильм көрсетіледі және біздің екі әртісіміз Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қалаларында өнер көрсетеді, - деді Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид.
_SCK3741.JPG

Бұл жылы #FrankofonıNaýryzy маусымы өзінің бастауын 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент қаласынан бастау алып, қазақстандықтарға арналған франкофон мәдениеті мен француз тілінің түрлілігін насихаттайтын мәдени іс-шаралар бағдарламасын ұсынатын болады: 

• Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы Француз Альянстарының  және Өскемен, Қостанай қалаларындағы француз тілі орталықтарының ұйымдастыруымен  өтетін Француз тілді фильмдер апталығы. 

Апталық барысында барлығы 6 кинотуынды көрсетіледі:

• "Барбара", реж. Матье Амальрик, француз тілінде орыс тіліндегі субтитрлермен (Франция) 
• "Angle Mort", реж. Набиль Бен Йадир, француз тілінде орыс тіліндегі субтитрлермен (Бельгия) 
• "La passion d'Augustine", реж. Леа Пуль, француз тілінде орыс тіліндегі субтитрлермен (Канада) 
• "La femme et le TGV", реж. Тибо вон Гунтен, француз тілінде орыс тіліндегі субтитрлермен (Швейцария) 
• "Rock the Casbah", реж. Лайла Маракши және "Ymma" реж. Рашид Эль-Уали, араб тілінде француз тіліндегі субтитрлерімен (Марокко)
• Алматы қ. N°25 мектеп оқушылары арасында  өткізілетін «Бельгия, бельгиялық комикстер және су» тақырыбындағы сурет салу сайысы. Жеңімпаздарды марапаттау 1-7 сәуір аралығында өтеді.
• 5 наурыз, "Франкофон әйелдер қоғам игілігі үшін"-2020 сыйлығының иегерлерін марапаттау мен Франкофон әйелдер клубының кезекті кездесуі 
• 10-11 наурыз, Петропавловск қаласындағы Франкофония күндері:
• "BEST" гимназиясының оқушылары арасында өтетін "Бельгия, бельгиялық комикстер және су" тақырыбындағы сурет салу сайысы. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 10-наурыз күні өткізіледі. 
• С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында француз тілі кеңістігінің ашылуы.
• "Бельгияға саяхат" комикстер көрмесінің ашылуы, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
• "Смурфиктер" қысқа метражды фильмінің көрсетілімі, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және BEST гимназиясы
• Бельгия туралы деректі фильмдердің көрсетілімі, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
• Балаларға арналған бояу мастер-класстары (Смурфиктер мультфильмдерінің желісі бойынша), С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
• 14 наурыз, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы Француз Альянстарының  және Өскемен, Қостанай қалаларындағы француз тілі орталықтарының ұйымдастыруымен өтетін елшілер диктанты. Диктант барысында ұлы ақын Абайдың француз тіліне аударылған жетінші қара сөзі қолданылады. 
• 7-27 наурыз, Ақындар көктемі және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы Француз Альянстарында және Өскемен, Қостанай қалаларындағы француз тілі орталықтарында "Жер Ана бізге аманат" және "Батылдық" тақырыптарында өтетін поэзия сайысы.  
• 20 наурыз, Алматы қ.Француз Альянсында Франкофония апталығының ашылуы
• 2 сәуір "Дастархан басындағы франкофондар" фотокөрмесі, Нұр-Сұлтан
• 8-18  сәуір, "Бельгияға саяхат" комикстер көрмесінің Алматы қ. Жүргенов атындағы Өнер академиясында  ашылуы
• 9 сәуір, Гийом де Рубрук және Ұлы Жібек жолына арналған конференция, Нұр-Сұлтан
• 12 сәуір, Ұлттық франкофондық ән конкурсының финалы, Нұр-Сұлтан
• 14 сәуір, Франкофония және бизнес форумы, Forbes Kazakhstan-мен ынтымақтастықта
• 16 сәуір – Нұр-Сұлтан, 17-сәуір – Алматы, мастер-шоколатье Патрик Роженің қатысуымен өтетін конференция
• 15-19 сәуір,  Алматы қаласындағы  халықаралық джаз фестивалі (фестивальге  Франция атынан Melvin, ал Бельгиядан Toine Thys музыканттары қатысады)
• 21 сәуір, Le Balcon француз оркестрінің құрамында ойнайтын франко-қазақстандық квартеттің концерті,  Шымкент 
• 24 сәуір, "Француз тіліндегі журналистика" сыйлығының иегерін марапаттау, Нұр-Сұлтан 
• 25 сәуір, "Duo Nomi Nomi" дуэтымен кездесу. Швейцариялық авторлар Noëlle Revaz және Michaël Stauffer Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі шетел тілдері факультетінің  студенттерімен арнайы кездесу өткізеді. 
27 сәуір,  аталмыш кездесудің Халықаралық Шарль де Голль-Мирас мектебінде өткізілуі. 

• 26 сәуір, FrankofonıNaýryzy маусының аяқталуына орай өткізілетін Нұр-Сұлтан қ. концерт. Концерт француз дирижері Филипп Юидің қатысуымен өтеді деп күтілуде. 

#FrankofonıNaýryzy маусымында ұйымдастырылатын іс-шаралар жайлы толығырақ ақпаратты http://www.culturefrance.kz/ сайтынан және әлеуметтік желілерімізден таба аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы