Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

26 Ақпан 2020, 16:50
1323
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Ертең түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. 27-29 ақпанда кей жерлерде тұман түседі. 27 ақпанда түнде және таңертең, 28-29 ақпанда тәулік ішінде жел солтүстік-батыстан, батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы