Атыраулық отбасыларға əлеуметтік пакеттер таратыла бастады

26 Ақпан 2020, 09:07
2165
Бөлісу:
Атыраулық отбасыларға əлеуметтік пакеттер таратыла бастады
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларға əлеуметтік пакеттер беріле бастады.

Атырау қалалық жұмыспен қамту, əлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының айтуынша, биыл 300-ге жуық отбасы қосымша азық-түлік жиынтығы жəне тұрмыстық химия тауарларымен қамтылмақ. Оған республикалық бюджеттен 75 млн теңгеге жуық қаражат қаралған. Көмек алушы отбасылардың бірі – 6 баланың анасы, күміс алқа иегері Жанаргүл Имашеваның жанұясы.

Алты баланың анасымын. Бұл бізге өте көп көмек.Түрлі тамақтар бар, тіпті жуынатын заттары да бар. Қуанып жатырмыз. Оған қоса балалрыма жəрдемақы аламын, - дейді Жанаргүл Имашова.

әлеуметтік пакет.jpg

Əлеуметтік кепілдендірілген топтама 2 бағытқа бөлінеді. Яғни, 6 жасқа дейінгі жəне 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін 2 санатқа бөлінетін азық-түлік пакеті қарастырылған, ал 6 мен 18 жас аралығындағы балалар оқу орындарында тегін ыстық тамақпен қамтылады. Азық-түліктен тұратын 1 жиынтықтың бағасы шамамен 4000 теңгеден асады, ал гигиеналық құралдардың бағасы 2000 теңгеге жуықтайды.

Əлеуметтік пакеттерді отбасыларға жеткізумен жеке кəсіпкерлер айналысады. 

2020 жылдың қаңтар айында Атырау қаласы бойынша 271 отбасыға атаулы əлеуметтік көмек тағайындалып, оларға 15 миллион теңгеден астам қаражат төленді. Алдағы уақытта осы отбасылардағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 444 бала əлеуметтік кепілдендірілген топтамамен жəне орта білім беру ұйымдарында оқитын 447 бала оқу мезгілінде ыстық тамақпен қамтылады деп жоспарланып отырмыз, - дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту, əлеуметтік бағдарламалар жəне азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Жаңылсын Сидалиева.


Өзгелердің жаңалығы