Біз оны жасырмаймыз: Сот алқасының төрағасы шындықты айтты

26 Ақпан 2020, 12:15
3245
Бөлісу:
Біз оны жасырмаймыз: Сот алқасының төрағасы шындықты айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР жоғары сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов бүгінгі таңда судьялардың қолы байлаулы болып отырғанын айтты.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

Бұл өзі заң жобасының үшінші кезеңі. Өйткені 2019 жылы депутаттардың қолдауының арқасында қаңтар және сәуір айларында екі рет өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Бүгінгі таңда сот жүйесіндегі барлық жүктемені біркелкі қылып ретке келтірдік. Бұл жоба - Елбасының 2018 жылғы жолдауының арқасында жүзеге асырылып жатыр. Елбасы мен президенттің бізге қойып отырған міндеті сот жүйесіне деген халықтың сенімі. Біз оны жасырмаймыз, - деді Мейрамбек Таймерденов.

Оның айтуынша, соттарды артық, қажетсіж функциялардан арылту бүгінгі күннің талабы.

Заң жобасы үш бағыттан тұрады.  Сот процесін заманауи форматқа келтіру. Екіншіден, азаматтық процесстегі тиімділікті арттыру. Үшіншіден, сот ісіндегі цифрландыруды жүргізу. Сот төрелігін цифрландыруға тоқталсақ, бұл салада біраз жұмыстар атқарылуда. Соттарға бүгінгі түсіп отырған барлық талап-арыздар мен арыздардың 70 пайызы электронды жүйеде қабылданып жатыр. Бұл үрдіс болашақта да жалғасын табады деп ойлаймын. Осы үш бағыттан тұратын түзету азаматтарымызға не береді? сотттарға айтылатын өкпе-сын неге судья істі қарағанда ақ-қарасына тереңірек үңілмейді? Неге басқа мән-жайларды зерттемейді? Неге ұсынылған дәлелдерге қанағаттандырылып, шешім шығарылады. Осыған себеп қолданыстағы азаматтық-процессуалдық кодекстің талабы. Кодекс бойынша судья талап-арыз шеңберінен шықпауы керек. Өзге дәлелдерді сұратуға құқығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда судьяның қолы байлаулы. Заң солай міндеттеп койған, - дейді азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Оның айтуынша, мұны шешудің бір ғана жолы бар. 

Судьяның процестік функциясын түбегейлі өзгерту.  Әділ шешім қабылдау үшін бұл дауды жан-жақты, бүге-шүгесіне дейін түсініп, анықтауы қажет. Ол дегеніміз  - судья процестік жағынан еркін болу керек. Әділ шешім қабылдау үшін ол дауды жан-жақты, егжей-тегжейлі түсініп, анықтауы қажет. Бұл дегеніміз, судья процестік жағынан еркін болуы қажет. Қандай уәжді немесе дәлелдерді зерттеу керек екенін ол өзі анықтауы қажет. Бұл біз ашып отырған жаңалық емес, озық дамыған елдердің соттарында қалыптасқан тәжірибе, - деді Мейрамбек Таймерденов.
Өзгелердің жаңалығы