Все новости за 2 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ардагерлерге тегін жүру акциясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды.
-
Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда «Иманғали» орталық мешіті азаншылар сайысы өтіп жатыр. «Әсем әуезді азаншы» атты ерекше сайыс 100-ге жуық жамағат бақ сынауда. Жарысқа қатысушылардың ең жасы - Құлсары қаласынан келген 14 жастағы Ұлан Балтабай. Ол жақында өткен VIIІ республикалық Құран оқу сайысына да қатысқан.
-
Мәжіліс депутаттары Атырауға барды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құрманзағы ауданына қарасты Азғыр өңірінің тұрғындарымен кездесті. Іс-сапардың басты мақсаты – аталған елдімекенге газ құбырын тарту және оның жұмыс барысымен танысу.
-
Хоккей: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады.
-
Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте жыл басынан бері орман және дала өрттері тіркелмеген. Дегенмен, қала аумағында жазғы өрт қаупі мамырда басталып қараша дейін созылады. Осы кезеңде қала аумағында өртке, әсіресе орман және дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындайды. Өрт саны көбейеді.
-
Қытай Қазақстан тауарларына қызығушылық танытып отыр
Алматы, BAQ.KZ. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында өтіп жатқан Қазақстан-Қытай жәрмеңкесінде 100-ге жуық отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қалалық филиалы мәлімдеді.
-
Елімізде орташа айлық 168 мың теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 110,5%, ал нақты жалақы индексі 105,2% құрды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Салалы
-
Атыраулық ақсақалдар үндеу жариялады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық ақсақалдар жергілікті кәсіпкерлерге үндеу жариялауда. Кешеден бері әлеуметтік желі арқылы тараған бейнебаяндар көпшіліктің назарын аударды. Олар бейнебаянда қаладағы бірқатар дүкендерді аралап, кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпай, осылайша қасиетті айға құрмет көрсетуге шақырған.
-
Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі «Еуропа дәмін сезін» атты кітаптың тұсауын кесті. Еуропа күні қарсаңында жарық көрген кітап еуропалықтардың сүйікті тағамдарын бірге даярлап, дәмін көруге шақырады.
-
Тоқаев «Қаратал-АГРО» сервистік дайындау орталығына барды
Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысып, ауыл шаруашылығы техникаларын аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өзбекстан президенті Рамазан айына орай Жарлық шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Рамазан айын лайықты өткізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
-
Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды
Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасымен танысып, информатика, робот техникасы кабинеттерін, мектеп кітапханасы мен музейін аралап көрді. бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкентте «Face of Shymkent» байқауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Face of Shymkent» сұлулық байқауы өтті.
-
Сенатта бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Парламент Сенатында жаңа консультативтік - кеңесші орган-Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес құрылды.
-
Түркістанның Шардара ауданы толықтай газбен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Шардара ауданында №18 газ тарату станциясы салынып жатыр. Жоба іске қосылғанда Шардара қаласы мен 11 елдімекен көгілдір отынға қол жеткізетін болады.
-
Президент Қаратал ауданы әкімдігіне барды
Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Сервистік әкімдік» қағидаты бойынша істейтін мемлекеттік органның жұмысымен танысты.
-
Спорттың барлық түріне қолайлы жағдай жасалады - әкім
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. 13 жастағы спортшылар облыс әкімінің кубогі үшін таласады. Турнирдің ашылуына өңір басшысы Оңдасын Оразалин қатысты.
-
Тоқаев «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Талдықорған, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы кәсіпорынның аккумулятор батареяларын құрастыру жұмысымен, шығарылатын өнімдердің үлгілерімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Йеменде соғыстың кесірінен 5 млн адам жұмыссыз қалған
Алматы, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні Йеменнің Әлеуметтік істер және еңбек министрлігі елдегі соғыстың кесірінен 5 млн-нан аса адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
-
Қазақстан Азиядағы көпжақты процестерге белсенді қатысуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа (АЫД) қатысушы елдер Сыртқы істер министрлерінің 16-шы отырысына қатысты.
-
30 жас виртуоз Нұр-Сұлтанда пианистер байқауында сайысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жас пианистердің «Astana Piano Passion – 2019» V Халықаралық байқауына қатысуға әлемнің 20 мемлекетінен 114 өтінім келіп түскен.
-
Елбасы қазақ елі үшін теңдесі жоқ жақсылық жасады – өлкетанушы
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық мойындаған мығым шекарасын бекітіп берді. Бұл жөнінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясын талқылауға арналған отырыс барысында белгілі тарихшы, өлкетанушы Алдияр Әубәкіров айтты.
-
Қазақстанда үш банк бірікпек
Алматы, BAQ.KZ. "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ еліміздегі "Tengri Bank" АҚ-мен бірікпек. Мұндай мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.
-
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне, Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев Жапония Императорына құттықтау жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры тағына отыруына байланысты Нарухитоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Қасым-Жомарттың қырық күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне келгеніне 30 сәуір күні 40 күн толды.
-
Тоқаев Алматы облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Елордада өртенген жатақхананың иесі өрт қауіпсіздігін сақтамаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорданың Байқоңыр ауданындағы Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жекеменшік бес қабатты жатақханадан өрт шығып, бірнеше адам зардап шеккен еді.
-
Ақмолада 700-ден аса салымшы жаңа пәтерлерге көшеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 700-ден аса салымшы баспанаға қол жеткізеді. Бұл туралы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі» Ақмола облыстық филиалы өкілдері өткізген баспасөз турында айтылды.
-
ОСК: 13 сөйлемнен 19 қате жіберген үміткерді сайлауға тіркеуден бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулыны қабылдады.
-
Алматыда жылу құбырларын ауыстыруға байланысты көшелер жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты Гоголь мен Чокин көшелерінің аралығы жабылады. Бұл туралы қалалық мобильдік басқармасы хабарлады.
-
Мамин Chevron өкілімен мұнай-газ машинасын жасау болашағын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыстағы Chevron барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
-
Алматыда люктың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда дұрыс жабылмаған люктың қақпағы жол қозғалысы оқиғасына себеп болып, нәтижесінде автобус жолаушысының аяғы сынды.
-
Нұр-Сұлтандағы өрттен зардап шеккен 11 бала ауруханада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан жекеменшік бес қабатты жатақханадан өрт шықты.
-
Мамин денсаулық сақтау саласын цифрландыру жүйесімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған, Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 қалалық емхана мысалында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмыстың барысын тексерді, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Қазақ диаспорасынан 992 студент даярлық курстарында оқып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандастар қоры мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының ұйымдастырумен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде шет елдерден келіп, оқып жатқан қазақ диаспорасының студент жастарымен кездесуі өтті.
-
Малайзиялық туристік операторлар Түркістанға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы тарапынан өңірдің ішкі және сыртқы туризмін дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
-
Елордада Ulttyq ónim – 2019 көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-6 мамыр аралығында астанадағы Тәуелсіздік сарайында отандық кәсіпорындардың көрмесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Президенттікке үміткер мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенттігіне үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. Ол 19 қате жіберген.
-
Қауіпсіз демалыс VS авторлық тур
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сәуірдің соңы мен ерте қысқа дейін демалуға шығатын қазақстандықтардың маусымы ашылады. Саяхаттауды жақсы көретін жандар үшін соңғы жылдары авторлық тур ұсынатындардың қатары көбейді. Авторлық тур заңды ма және қаншалықты қауіпсіз? Түркиядағы теңізге шомылам деп барып, қонақүйдегі орныңыз сақталмаса, қайтесіз? Я болмаса, Тайландта апатты жағдай орын алып, әуе кемесі ұша алмай қалса, билетіңіз күйіп кетеді. Мұндайда не істейсіз?
-
Нұр-Cұлтанда жатақхана өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Байқоңыр» ауданында орналасқан жатақхана отқа оранды. Қала басшысы Бақыт Сұлтанов оқиға орнына барды.
-
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанда көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары басталды.
-
Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының іске асырылу барысын тексерді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары әрі «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Дархан Мыңбай, Әбдіманап Бектұрғанов, Сәкен Қаныбеков, Уәлихан Қайназаров және Фахриддин Қаратаев келіп, сайлаушыларымен кездесу өткізіп жатыр.
-
Түзету
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 4 наурызы күні сайтымызда «Өскемендік тасымалдаушылар электронды билетті қолдамады» тақырыбымен Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктердің электронды билеттеуге көшірілу мәселесі туралы материал жариялаған едік.
-
Шекарада 18 млн теңгенің тауары тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халықтары ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық дастарханы» фестивалі өтіп жатыр.
-
80 мыңнан астам отбасы жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. Өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады.
-
ҚИК ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімі 1 шілдеде аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ҚР Ұлттық банкінің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) шетел валютасында қарыз алған азаматтардан өтініштер 1 шілдеге дейін қабылданады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
-
Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
-
«Қаламқас» кен орнындағы апатты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Комиссия «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС айыбын анықтады. Апаттың себептері мен мән-жайлары көрсетілген акт жасалды және осындай апаттардың алдын алу бойынша шаралар әзірленді. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Хоккей: Қазақстан бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл ойын Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
-
Шығыс Қазақстанда 71 пилоттық мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда соңғы үш жылда мыңнан астам химия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілі курстарынан өткен. Бұл жөнінде ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019: Отандық саясаттанушылар пікірталас өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 2019 жылғы сайлау: ішкі және сыртқы саясаттың үздіксіздігі мен тұрақтылығы» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті.
-
Елордада "Comic Con" фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда комикстер өндірісі мен оларға негізделген танымал өнерге арналған әлемдегі ең ірі фестиваль басталады. Бұл туралы comicconastana.com хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда субұрқақтар іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 46 субұрқақ кешені іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Тоқаев Талдықорған қаласына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
-
Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтер берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде Shymkent city қалашығында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілті тапсырылды. Ондаға 540 жалдамалы пәтер көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға берілді.
-
Алматы облысында кәсіпкер 2 отбасыға пәтер кілтін сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкер аудандағы аз қамтылған жанұяларға жасалатын жақсылық мұнымен бітпейді деп отыр. Бұл туралы Almaty tv жазды.
-
Құтқарушылар Қазцинкте шыққан өртпен 20 сағат күресті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі ірі өндіріс ошағы Қазцинкте апатты жағдай орын алды. Герметизацияның кінәратынан қара мыс нөлдік белгіге төгіліп кетті, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Оразаға дайынсыз ба?
Рамазан айы келген сайын Құдай алдындағы құлшылығының кемшіліксіз болғанын қалайтын көпшілікті түрлі сұрақтар мазалай бастайды.
-
Израильде жаңа парламент құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің жаңа парламенті Кнессет сәуірдің 30-ы күні өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
-
Қарағанды облысында 27 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 1-мамыр – Қазақстан xалқы бірлігі мейрамы күні аймақта 27 отбасы өз пәтерлеріне ие болды. Аймақтың түкпір-түкпірінде отызға жуық отбасы қоныс тойын тойлап, мерекені өз үйлерінде атап өтуде.
-
Баян-Өлгий аймағында 6 тәулікке карантин жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның қазақтар қоныстанған аймағы Баян-Өлгийде 2 күннен бері 6 тәулікке карантин жарияланды.
-
ШҚО-да 3,5 мыңнан астам ата-ана балабақша төлемақысынан босатылған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыстық Білім басқармасы көпбалалы отбасылардан шыққан балалар санына талдау жүргізіп, көрсеткіштің болашақтағы өзгеру қарқынын болжады. Бұл жөнінде ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова хабарлады.
-
Пентагон Трамптың кез келген бұйрығын орындауға дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ведомствода Венесуэла билігінің бейбіт, демократиялық жолмен ауысуына дипломатиялық шараларды қолдайтынын хабарлады.
-
Дүнгендер Жамбылда 140 жылдан бері тұрады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Дүнген халқының бұл өңірдегі тарихы бір жарым ғасырға жуықтайды. Мұндай жағдай даласы байтақ, көңілі биік, қонақжай, дархан пейіл қазақ халқының, еліміздің арқасында ғана мүмкін болды.
-
2 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста күн ашық болады.
Наверх