Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды

2 Мамыр 2019, 21:43
4382
Бөлісу:
Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте жыл басынан бері орман және дала өрттері тіркелмеген. Дегенмен, қала аумағында жазғы өрт қаупі мамырда басталып қараша дейін созылады. Осы кезеңде қала аумағында өртке, әсіресе орман және дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындайды. Өрт саны көбейеді.

Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисовтың және орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаевтың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды

Департамен басшысының айтуынша, өрт салдарынан егіс алқаптары мен мал жайылымдары да жойылады. Тіпті дала өрттері өршіп, орман алқаптары мен жеке құрылыс нысандарына да өтеді. Бұдан шаруашылық пен мемлекетке, қоршаған орта мен табиғатқа орасан зор шығын келеді. Сондықтан да төтенше жағдайлар департаменті орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында бірқатар шараларды қолға алыпты.

Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды

- Болуы мүмкін орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында биылдың мамыр айында қала аумағынан өтетін жолдардың бойынан өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 18 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойынан 88,2 шақырым, орман қоры жерінде 530 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Шымкент қаласының аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде сөндіру мақсатында «Жасыл белдеу» орман қоры жерінде созылмалы дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Табиғи өрттер болған жағдайда барлық күштер мен құралдардың жұмылдыру тәртібі пысықталды, - дейді Нұрболат Дербисов.

Шымкентте дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары басталды

Оның сөзінше, биыл жыл басынан бері орман және дала өрті тіркелмегенімен, өткен жылы 5 өрт тіркеліп, жалпы аумағы 12 га жер өртеніпті.

Өзгелердің жаңалығы