Президент Қаратал ауданы әкімдігіне барды

2 Мамыр 2019, 19:07
3020
Бөлісу:
Президент  Қаратал ауданы әкімдігіне барды

Алматы облысы, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Сервистік әкімдік» қағидаты бойынша істейтін мемлекеттік органның жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай әдіс мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті екенін, азаматтарға сапалы, жедел және жайлы жағдайда қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Қазақстан Президенті кабинеттік жүйеден «Open Space» форматына өту мемлекеттік органдардың ашық әрі қолжетімді екенінің көрсеткіші деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы