Елімізде орташа айлық 168 мың теңгеден асты

2 Мамыр 2019, 21:12
2689
Бөлісу:
Елімізде орташа айлық 168 мың теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 110,5%, ал нақты жалақы индексі 105,2% құрды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 401,1 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 323,0 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 218,2 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 93,2 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 44,7% %-ға төмен" - делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 109,0 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,3%-ға төмен.

Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша 2019 жылғы І тоқсандағы орташа айлық жалақы

Елімізде орташа айлық 168 мың теңгеден асты

Өзгелердің жаңалығы