Йеменде соғыстың кесірінен 5 млн адам жұмыссыз қалған

2 Мамыр 2019, 18:35
1849
Бөлісу:
Йеменде соғыстың кесірінен 5 млн адам жұмыссыз қалған

Алматы, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні Йеменнің Әлеуметтік істер және еңбек министрлігі елдегі соғыстың кесірінен 5 млн-нан аса адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Ведомстваның мәліметінше, елдегі ұзақ мерзімді тұрақсыздықтан отандық және шетелдік компаниялар жабылып қалған немесе жұмыстарын тоқтатқан. Нәтижесінде 5 миллионнан аса адам жұмыссыз қалған. Ел үкіметі экономиканы қайта жандандыру үшін түрлі бағдарламаларды қолға алып жатқан көрінеді. 

Еске салсақ, 2014 жылдың қыркүйек айында көтерілісші хоуситтер ел астанасы Сануды кейін Йеменнің оңтүстік аудандарын басып алып, президент Әбд-Раббу Мансура Хадиді Сауд Арабиясына қашуға мәжбүр еткен болатын. 2018 жылдың желтоқсан айында Йемен билігі мен хоуситтер БҰҰ арағайындығымен бейбіт келісімге келіп, соғысты тоқтатуға қол жеткізген еді. Алайда, көп уақыт өтпей жатыр тараптар келісімді бұзды деп бір-бірін айыптаған болатын. 

БҰҰ-ның бас хатшысының гуманитарлық мәселлер жөніндегі орынбасары Марк Лоукок осы жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кееңсінде жасаған баяндамасында Йеменде 24 млн адам бар екенін және халықтың 80% гуманитарлық көмекті қажет ететінін мәлімдеген болатын. Әсіресе 10 млн адамға азық-түлік жетіспейді. Оған қоса, соғыс салдарына 3,3 млн йемендік отанынан кетуге мәжбүр болған.
Өзгелердің жаңалығы