Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының іске асырылу барысын тексерді

2 Мамыр 2019, 13:51
1849
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының іске асырылу барысын тексерді
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары әрі «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Дархан Мыңбай, Әбдіманап Бектұрғанов, Сәкен Қаныбеков, Уәлихан Қайназаров және Фахриддин Қаратаев келіп, сайлаушыларымен кездесу өткізіп жатыр.

Негізгі мәселе - Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру басырымен танысу.

Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен өндірістік алаңдарда және ауылшаруашылық қожалықтарында кездеседі, сондай-ақ азаматтардың қабылдауын өткізеді.

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында Бадам өзенінің үстінен салынып жатқан көпірдің жұмысымен танысты. Бұл көпір Қонаев гүлзарының жалғасы ретінде жүзеге асып жатқан жоба.

Жобаның жүзеге асуы 7 кезеңді құрайды. Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар 3-ші кезеңнің жұмыстары. Қалған 4 кезең бойынша жобалау жұмыстары жалғасуда, аяқтау мерзімі 2019 жыл. Сондай-ақ, 3 кезеңнің құрылысына 4 042 297,0 теңге бөлу туралы ұсыныс республикалық бюджетке жолданған. 

«Бұл нысан қала үшін ғана емес, ел үшін де өте маңызды. Өйткені көпір екі үлкен мегаполисті – Шымкент пен Ташкентті байланыстырып, екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан, барлық мәселелер тез арада шешіліп, нысан мерзімінде пайдалануға беріледі деген сенімдеміз», - деп атап өтті топ жетекшісі Дархан Мыңбай.

Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының іске асырылу барысын тексерді

ҚР Мәжіліс депутаттары «Сәуле» шағын ауданындағы №76 мектепке де барды. Қазіргі таңда мектеп жанынан қосымша 300 орындық оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана мен асхана ғимараттары бой көтеруде. Жаңа ғимаратты пайдалануға беру уақыты 2019 жылдың 25 мамыры деп жоспарланған. Халық қалаулылары білім ошағының ұжымымен кездесіп, жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты.


Өзгелердің жаңалығы