Все новости за 12 қараша 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматының иесіз қалған арықтары қаланың балансына өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының көшелері мен аулаларын жарықтандыру, модернизациялау мен реконструкциялау, аула аймақтарын күрделі жөндеу, арық жүйелерінің жағдайы, проблемалық учаскелер мен оларды ретке келтіру туралы брифинг өтті.
-
ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар өз ісін сәтті ашуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар мемлекеттің қолдауын пайдаланып, өз бизнестерін ашуға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлуметтік көмек министрлігінен хабарлады.
-
150 мың теңге пара алған мектеп директоры 3 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебінің директоры пара алған үшін сотталды.
-
Елорданы қардан тазалауға 1000-нан аса техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Ордабасы ауданының жолдары талапқа сай келмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қараша күні "Сапалы жол - Түркістан Адалдық алаңы" жобасы аясында Ордабасы ауданында мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынған жергілікті жолдарға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
-
Жастарға жалға берілетін баспанаға 6 мыңнан астам өтініш түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Smart Astana порталы арқылы жұмыс істеп жүрген жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 6030 өтініш қабылданды.
-
Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында қазіргі бессайыстан лицензиялық Азия чемпионаты өтіп жатыр.
-
Қарағандыда жол апатынан 7 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол көлік оқиғасының салдарынан 7 адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оның 5-уі Тәжікстан азаматы болса, 2-уі Қарағанды облысының тұрғыны.
-
Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шеруі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жамбыл облысы полиция департаментінде полиция капитаны, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шеруі өткізілді.
-
Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алуда.
-
Атырау облысында 257 әлеуметтік жоба іске асырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Zhas project" жобасы аясында ұйымдастырылған форумда 70 әлеуметтік жобаны қамтитын көрме ұйымдастырылды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Мұз үстінде жүру адам өміріне қауіпті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн суытып, ауа температурасы 0 градустан төмендеген сайын елорда өзендерінің бетін жұқалтаң мұз басты. Құтқарушылар бұл күндері мұз бетіне шығу, әсіресе оның қаттылығын аяқпен басып тексеру аса қауіпті екенін айтып дабыл қағып отыр, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
-
NIS робототехниктері бүкіләлемдік олимпиадада қола жүлдені иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO чемпионатының (Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, қола медальбмен оралды.
-
Нығматулин: Үндістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды әріптесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Үндістан Республикасының Мемлекеттік сыртқы істер министрі, Парламент істері жөніндегі мемлекеттік министрі Велламвелли Муралидхаранмен кездесті.
-
"Астана Опера" музыканттары Ресейде өнер көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана Опера" дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин мен еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, солист Бағдат Әбілханов Ресейдің үлкен театрының Бетховен залы сахнасында өнер көрсетті.
-
Мамин ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Марк Хортонның жетекшілігімен Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сұлтанов кәсіпкерлерге: Біз бірлескенде ғана әлемдік нарыққа шыға аламыз
Алайда, біздің еліміздің зертханаларында орнатылған осы стандарттарға сәйкестік фактісі - басқа мемлекеттерде де танылуы маңызды.
-
Еуразия алдында тұрған 10 сын-қатер аталды
2020 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі ахуал неге сын-қатердің алғашқысы болып саналады?
-
Тоқаев: Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы митингтер туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты инфографика.
-
Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковпен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.
-
Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Зарифті қабылдады
Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.
-
АҚШ тарапынан санкциялар Еуразиядағы қару-жарақты бақылауды жойды – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшы АҚШ пен НАТО-ны осы мәселені Еуразиялық талқылауға шақырды.
-
Екі айда 1500-ден астам өрт тіркелді
Оның айтуынша, аумақтық бөлімшелер жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 169 010 тұрғын үйін есепке алған.
-
Назарбаев Иранның сыртқы істер министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайты жазды.
-
Жол жөндеу үшін Қытайдан 2,6 млрд доллар қарыз алдық – "ҚазАвтоЖол"
"ҚазАвтоЖол" басшысының айтуынша, "Талдықорған-Өскемен" жолын жөндеуге 1200 адам тартылған, оның 99 ғана шетелдік.
-
Жол құрылысындағы мердігер компания жұмысшыларының 10% ғана шетелдіктер – "ҚазАвтоЖол"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келісімшартқа сәйкес мердігер компанияларда 10 пайыз ғана шетелдік азматтар жұмыс істеп жатыр, қалғанының барлығы Қазақстан азаматтары. Елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың барлығында осы қағида сақталған.
-
Қазақстанның үздік футболшылары белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан футбол федерациясы жылдың үздіктерін анықтады. Алғаш рет елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында KFF Awards 2019 деген атпен салтантты түрде табысталды.
-
Astana Club сарапшысы ядролық қаруды таратпаудың жаңа шарттары қажет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вудро Вильсон атындағы халықаралық ғылыми орталығындағы Кеннан институтының директоры Мэттью Рожански "Астана клубының" V отырысында ядролық қарусыздандыру туралы жаңа халықаралық құжаттар қабылдау қажет екенін мәлімдеді.
-
2020 жылдан бастап Қорғаныс саласы жыл сайын 450 млн теңге үнемдейтін болады
Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезекті әскер қатарына шақыру науқанының қорытындылары, қысқы оқыту маусымына дайындық және әскери техникаларды қысқы режимге көшіру жөнінде мәлімет берді.
-
Биыл 850 шақырымды автожол қайта жөндеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда жолдарды жөндеу бойынша Үкімет қаржысына шетелдік компаниялармен біріккен 7 жоба іске асырылуда. Соның арқасында 850 шақырымды автожол қайта жөндеуден өтті немесе 101 млрд теңгенің 23 нысаны жөнделді.
-
Ақтөбедегі төбелес: 1 бала қаза тауып, 2 бала жарақаттанған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 10 қазан күні кәмелетке толмаған балалар арасында төбелес болған.
-
Елордада бірқатар үйге ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Алматы" ауданында бірқатар үйге ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылады.
-
Жоғарғы сот екі азаматты ақтады
Сот 2019 жылғы қаңтарда оны кінәсіз деп танып, іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтаған. Апелляция сот актісін күшінде қалдырды.
-
Алматы облысында жарылғыш зат сатқаны үшін 3 азамат сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оларға тұтатқыштарды өткізумен айналысқан адамдар тобына қатысты үкім шығарды.
-
ҚТЖ Инновациялы-технологиялық даму жол картасына қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашасында "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Трансмашхолдинг" ЖАҚ (РФ), "Локо Тех-Сигнал" ЖШҚ (РФ) Қозғалыс қауіпсіздігі мен инновациялы-технологиялық дамуға бағытталған, бірлескен жобалардың жол картасына қол қойды.
-
Алматы облысында мал ұрлаған 28 күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция 60 бас малды иелеріне қайтарды, деп хабарлады облдыстық полиция департаменті.
-
Елордада "Мәміле" клубы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде "Мәміле" атты қазақ тілі пікір алмасу клубының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.
-
Байқоңырда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі" форумының ашылуына қатысты.
-
"Композитор" фильмі АҚШ-та төрт жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы – "Композитор" фильмі Лос-Анджелесте өткен Golden Screen Awards жүлдесінің 4 бірдей сыйлығына ие болды, деп хабарлады Қазақфильмнің баспасөз қызметі.
-
"Жаркенттіктердің" жетекшілеріне қатысты үкім шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 6 тамызда Талдықорған қаласының мамандандырылған өңіраралық соты ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген "Жаркенттіктер" ҰҚТ жетекшілеріне қатысты үкім шығарды.
-
92 жасында билікке қайта оралған президенттер бар – Нұрсұлтан Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билік транзитіне қатысты пікір білдірді.
-
Маxатма Гандидің 150 жылдығына орай пошталық марка шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазпошта Маxатма Гандидің 150 жылдығына орай естелікке пошталық маркасын шығарды.
-
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 0,2% төмендеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың он айында ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 0,2% төмендеп, 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров бүгінгі Үкімет отырысында айтты.
-
Елбасы Путин мен Зеленскийді Қазақстанда кездесуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина басшыларына келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынуға дайын екенін айтты.
-
Халықаралық сарапшы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясын жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. JP Morgan Chase International басқарма төрағасы, Халықаралық отыздық тобының төрағасы Джейкоб Френкель "Астана клубының" бесінші отырысында Қазақстанның Еуразиядағы даму потенциалы туралы айтты.
-
2019 жылдың он айы ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,5% құрады – Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырысында жыл басынан бергі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,5% құрағанын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 103,7%, өңдеуші өнеркәсіп 103,3% болғанын айтты.
-
Назарбаев жыл сайын саммит өткізу керектігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мен Еуропалық Одақ арасында диалогтың жоқтығына алаңдаушылығын білдірді.
-
Абаев: Сын сағатта бізді паналап келгендер қазақ халқының қамқорлығына бөленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ бірлесіп, ұйымдастырған "Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
-
Экономикалық санкциялар елдер арасындағы тілдесу құралына айналды – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шыққанын айтты.
-
Танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы Ақназар жол апатынан қаза болды.
-
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджет кірістері 14% өсті – қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 10 айы ішіндегі кірістердің өсу қарқыны 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жоғары.
-
Елбасы елордада ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммит өткізуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана клубының" бесінші отырысында ядролық қауіпсіздік бойынша екі жылда бір рет жаһандық саммит өткізу қажет екенін айтты.
-
Назарбаев Азия мен Еуропаның екі ірі ұйымының потеницалын біріктіруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) потенциалын біріктіруді ұсынды.
-
Қазақстан елшісі Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 қарашада Моңғолиядағы Қазақстанның елшісі Жалғас Әділбаев қазақ диаспорасы шоғырланған Баян-Өлгий аймағына іс-сапармен барды.
-
Астана клубы халықаралық диалогтық платформалар жүйесінде бірегей орнын алды – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана клубының" бесінші отырысын ашты.
-
Қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,5% құрады – Досаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылдық инфляция біздің күткеніміз бойынша қалыптасуда. Қыркүйекте 5,3% өсіп, қазан қорытындысы бойынша 5,5% болды.
-
Елордада автобус пен трактор соқтығысып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өңірлердің көбінде негізгі көрсеткіштер бойынша өсудің оң серпіні байқалды – Руслан Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құрылыс және негізгі капиталдар бойынша артта қалған өңірлер саны қысқарды.
-
Елбасының қатысуымен "Астана клубының" отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Астана клубының" бесінші отырысы басталды.
-
Ұлттық банк ескі банкноттарды қабылдауды аяқтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау мен айырбастаудың үш жылдық кезеңін аяқтады.
-
Жыл басынан бері ішкі өнім 4,4% дейін жеделдеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 1,5% өсіп, 70,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі қыркүйекте 7 млрд долларды, ал импорт 27,6 млрд доллар болды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.
-
Күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денесінің 75 пайызын күйік шалған келіншек аман қалғанымен, араға бір ай салып жан тапсырды.
-
Целиноград ауданында күн электр стансасы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында қуаттылығы 100МВт күн электр стансасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастықтың XVI форумы аясында ресейлiк әрiптестермен қол жеткiзiлген келiсiмдердi жүзеге асыру мәселесi қарастырылған аппараттық кеңесте Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев мәлiмдедi.
-
Балқашта Сәкен Сейфуллиннің мүсіні жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта Сәкен Сейфуллин атындағы
мектеп-лицейдің алдында 25 жыл бұрын орнатылған жазушының мүсіні жаңартылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
12 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде антициклонның жотасымен
республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік-батыс
және шығыстың кей жерінде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, деп
хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Қарулы күштер Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстан қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 1-дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы Борамбаев тағайындалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Түркия лаңкестерді елдеріне депортациялап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия АҚШ азаматы саналатын "Ирак және Левант" лаңкестік ұйымының содырын еліне депортациялады.
-
ҚР ИИДМ қызметкерлері арасында спартакиада өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс күндері министрлік қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Әлемнің 9 елінде Абайдың ескерткіші бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің 9 елінің астанасында Абай Құнанбаевтың ескерткіші бой көтереді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде кейбір пойыздың бағыты өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыттар өзгереді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
-
Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Жәйремде полиметалл кенін өңдейтін жаңа фабрика салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Жәйремде қорғасын және мырыш концентраттарын ала отырып, полиметалл кенін өңдейтін жаңа байыту фабрикасы жұмыс істейтін болады.
-
Өңіраралық ынтымақтастық форумында 40 млн долларға келісімшарт жасалды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сауда және
интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында Омбыда өткен
өңіраралық ынтымақтастық форумынан алған әсерлерімен бөлісті.
-
Қазақ футболының үздіктері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан футбол федерациясының KFF Football Awards-2019 жүлделерін табыстайтын салтанатты шарасы өтті. Қазақ футболының үздіктері анықталды, деп хабарлады Prosports.kz.
-
Таиландта "Абай оқулары" атты кеш өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі Паттайя провинциясындағы құрметті консулдықтың қолдауымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай оқулары" атты кеш өткізді.
Наверх