Елордада автобус пен трактор соқтығысып қалды

12 Қараша 2019, 10:23
4252
Бөлісу:
Елордада автобус пен трактор соқтығысып қалды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала дерек бойынша трактор автобусқа жол бермей қойған. Бүгін таңертеңгі сағат 9:10 шамасында Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында №40 автобусқа қар тазалайтын трактор жол бермей қойған, - деді полицияда.
автобус 1.jpg

Сөйтіп трактор жол апатына себеп болған.

автобус.jpg

Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Трактор солға қарай Пушкин көшесіне бұрылмақ болған, ал автобус болса, тура кетіп бара жатқан. Зардап шеккен 5 жолаушы ауруханаға жеткізілген, - делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы