Алматы облысында жарылғыш зат сатқаны үшін 3 азамат сотталды

12 Қараша 2019, 14:40
3144
Бөлісу:
Алматы облысында жарылғыш зат сатқаны үшін 3 азамат сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оларға тұтатқыштарды өткізумен айналысқан адамдар тобына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 


Топқа қатысушылар ҚР ҚК 287-бабының 4-бөлімінде, 361-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтеумен 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.

2019 жылғы мамырда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатуға қатысы бар топты ұстаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы