ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар өз ісін сәтті ашуда

12 Қараша 2019, 23:30
3416
Бөлісу:
ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар өз ісін сәтті ашуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар мемлекеттің қолдауын пайдаланып, өз бизнестерін ашуға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлуметтік көмек министрлігінен хабарлады.   

Семей қаласының тұрғыны Дамегүл Құрапанбаева кәмелетке толмаған төрт  баланы тәрбиелеп, 94 153 теңге көлемінде АӘК алады. Әйелдің айтуынша, мемлекеттік қолдау оның отбасына көп көмегін тигізді. Енді ол жеке кәсібін ашу арқылы ешкімге тәуелді болмауға бел буып отыр.

Мен өз бизнесімді ашуды көптен бері армандаған едім, бірақ оған қаражатым мен мүмкіндігім болмады және неден бастайтынымды білмедім. Уақыт өте келе әлеуметтік желілерден «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы білдім. Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтап, бизнес-жоспарды сәтті қорғап, қаладағы сауда орталықтарының бірінде балалардың демалысын ұйымдастыру және бойынша бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болдым. Идеяны іске асыру барысында маған жан-жақтан көмек көрсетілді. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары неден бастау қажеттігін рет-ретімен, біртіндеп түсіндіріп берсе, Кәсіпкерлер палатасында бизнес-жоспар құруыма көмектесті. Оларсыз қандай нәтижеге қол жеткізе алатынымды елестете алмаймын. Енді, ақыры, арманым орындалды. Осы бағдарламаның арқасында менің алғашқы арманым енді мақсатқа айналды. Ешкімге мүдделі болмай жұмыс істеген жақсы ғой! Мен өзін-өзі дамытуға көптеген мүмкіндіктер беретін мемлекеттік қолдауға ризашылығым шексіз, - деп бөлісті Дәмегүл Құрапанбаева.

Оның жетістікке жету тарихы өңірдегі жалғыз оқиға емес. Осыған ұқсас мысал Қатонқарағай ауданында да орын алған, онда жалғызбасты ана Гүлнұр Гайсина АӘК тағайындалғаннан кейін отбасының қаржылық жағдайын жақсартып қана қоймай, тігін машинасын сатып алуға ақша үнемдей алды. Оған жеке кәсібінің ашылуына бірер қадам ған қалып отыр.

Мен Урыль ауылында тұрамын, төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Біреулерге үміт артпай, мақсатыңа жету үшін бар күш-жігеріңді салу керек екенін жақсы білемін. Мен ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істеймін, бірақ, өкінішке орай, балаларымды асырауға жалақым жетпейді. Сондықтан мен құжаттарымды тапсырып, ӘЕК алуға қол жеткіздім. Отбасыма тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектен ай сайын белгілі бір соманы үнемдеудің нәтижесінде тігін машинасын сатып алдым. Қазір отбасыма киім тігемін. Бақытымызға орай, менің тігін өнеріне ебім бар, қолөнердің бұл түрін анам менің бойыма жастайымнан дарытты. Жеке кәсіпкерлік ашып, балалар мен ересектерге арналған киімдерді тігуді жоспарлап отырмын. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп нәрсе айтылып қана емес, жасалып та жатыр. Кәсіпкерлік негіздерін тегін оқуға, микрокредит немесе грант алуға болады. Ең бастысы – ынтаң болса болғаны, -  деп өз жоспарларымен бөлісті Гүлнұр Гайсина.

ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі күнде облыста 19 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. АӘК төлеуге бюджеттен 11,4 млрд теңге көзделген, оның 7,1 млрд теңгесі төленді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау көптеген отбасыларға қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік беріп отыр.

Өңірде барлығы 95 мыңнан астам адам АӘК алады, оның ішінде 41 724 адам көпбалалы отбасылардан. Сонымен бірге көпбалалы аналар кәсіпкерлік шараларға белсенді қатысуда, - деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сарсебаев.

Айта кетейік, АӘК табысы аз отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Өзгелердің жаңалығы