Жыл басынан бері ішкі өнім 4,4% дейін жеделдеді – министр

12 Қараша 2019, 09:35
2437
Бөлісу:
Жыл басынан бері ішкі өнім 4,4% дейін жеделдеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 1,5% өсіп, 70,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі қыркүйекте 7 млрд долларды, ал импорт 27,6 млрд доллар болды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды.
Жиын барысында министр экономика өсуінің негізгі факторларына тоқталып өтті.
Олар инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныстың өсуі, шағын және орта бизнес үлесінің ұлғаюы, өнеркәсіптің кіші салаларындағы екі мәнді өсім және мұнай өндірудің қалпына келуі болып отыр, - деді Руслан Дәленов.
Сонымен қатар, ол эономиканың салалары бойынша инвестициялау жобалары құрылғанын, бұл орта мерзімдік перспективада экономиканың тұрақты және сапалы өсу негізін құрайтынын жеткізді.
Инвестициялар 8,2% өсті. Халықтың нақты табыстарының өсуі 6,4% құрады, ЖІӨ-гі ШОБ үлесі 28,5% дейін артты. Өнеркісіп өндірісі де орнықты өсу үрдісін сақтап отыр. Қаңтар-қазан аралығындағы өсім 3,5% құрады. Өңдеу өнеркісібі -3,3% өсті, өсім негізінен өңдеу салаларында қол жеткізген қарқынын сақтаумен қамтамасыз етілді. Олар жеңіл өнеркісіп, машина жасау, фармацефтика және сусындар өндірісі, - деді ол.
Сондай-ақ, ол мұнай өндірудің қалпына келтіруі есебінен кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу 3,7% дейін жылдамдағанын, түсті металдар кенін өндіруде 18% деңгейінде жоғары өсу қарқыны сақталғанын айтты
Құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде, өсу 12,7% құрады. 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы салаларында мал шаруашылығы өнімдері өндірісі 3,9% ұлғайды. Бұл ретте өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексі 96,8% дейін жақсарды, - деді министр.
Ал, көрсетілетін қызметтер саласындағы өсу 4,4% құраған. Сауда көлемі – 7,5%, көлік-5,6% және байланыс 4,5% өскен.



Өзгелердің жаңалығы