Таиландта "Абай оқулары" атты кеш өтті

12 Қараша 2019, 00:08
2842
Бөлісу:
Таиландта "Абай оқулары" атты кеш өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі Паттайя провинциясындағы құрметті консулдықтың қолдауымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай оқулары" атты кеш өткізді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, аталмыш шараға Таиландта тұратын отандастарымыз, ТМД елдерінен келген қонақтар, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде елші Раушан Есболатова жиналған қауымды еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен, оның ішінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды. Қазақстандық дипломат "Рухани жаңғыру" бағдарламасының және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласымен қоғамдық сананы жаңғырту аясында мәдени-тарихи мұраны жандандырудың маңыздылығына тоқталды.

8c3c1376a1f84020ddb0cec5833ba480.jpg

Сонымен қатар, ол Қазақстанның Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын, бірқатар мәдени, ғылыми және ағарту шарасын елімізде және шет мемлекеттерде өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады, - делінген хабарламада. 
Еуразиялық шығармашылық гильдиясының жетекшісі, "Hertfordshire Press" баспасының баспагері Марат Ахмеджанов "Абай оқулары" кешіне шақырылған қонақ ретінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, "Гете мен Абай" атты  кітабын сыйға тартты.

b2d71a2fc5cb86bca1e95363f1537004.jpg

Іс-шара барысында қонақтар арасында Абай шығармашылығына арналған "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы", "Көңілім әнді ұғады" атты байқау, викториналар өткізілді. Қатысушылар Абайдың "Қара сөздерінен"  үзінділер, "Жаз", "Күз", "Поэзия - тіл билеушісі", "Ғылым таппай мақтанба" және "Көзімнің қарасы" өлеңдерін, "Япурай" және т.б. халық әндерін орындады.

718750f885b0faf362990afcd1309891.jpg

Кеш соңында сайысқа қатысушыларға естелік кәдесыйлар табысталды. Елшілік жас қатысушыларға Қазақстан тарихы, қазақ тілі және қазақ әдебиеті оқулықтарын сыйға тартты.  

Өзгелердің жаңалығы