"Композитор" фильмі АҚШ-та төрт жүлдеге ие болды

12 Қараша 2019, 13:28
2910
Бөлісу:
"Композитор" фильмі АҚШ-та төрт жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы – "Композитор" фильмі Лос-Анджелесте өткен Golden Screen Awards жүлдесінің 4 бірдей сыйлығына ие болды, деп хабарлады Қазақфильмнің баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, Shinework Pictures және China film coproduction corporation қытайлық компаниялар бірлесіп түсірген кинотуынды "Үздік ко-өнімдегі фильм", "Үздік әйел адам рөлі", "Үздік ер адам рөлі" және "Үздік музыка" сыйлықтарымен марапатталды.
Мен өте бақыттымын. "Қазақфильм" киностудиясы мен фильмнің  түсіру тобына алғысымды білдіремін, - деп жазды актриса Аружан Жазылбекова өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылы маусым айында қазақстандық прокатқа шыққан фильмі қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері IX Бейжің Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Сондай-ақ бұл картина ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысып, 2 марапатқа лайық деп танылды. Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған жас қазақстандық актриса Ділнәз Нұрсейіт "Үздік жаңа есім" аталымында қытайлық  CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне ие болса, фильмінің продюсерлік тобы ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды. 
   

Өзгелердің жаңалығы