Все новости за 13 тамыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматы облысында монополистер тұрғындардан коммуналдық қызметтерге негізсіз ақы алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы хабарлады.
-
Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас қаласында әскерлердің жауынгерлік даярлық материалдық оқу-жаттығу базасын жетілдіру аясында заманауи жекпе-жек спорт залы ашылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Испанияда ереуіл салдарынан 300-ден астам пойыз тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміржол қызметкерлері жұмысшылардың саны мен жұмыс күнінің кестесін қысқартуды талап етіп отыр.
-
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының 1/16 финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер арасындағы чемпиондар лигасының үшінші матчында қазақстандық клуб «БИИК-Қазығұрт» финляндиялық «ПК-35» командасын 4:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Sports.kz жазады.
-
Түлкібасқа келетін туристер саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 6 062 турист келген. Соның ішінде 473 шетел азаматы. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр.
-
"Беверли-Хиллз" жалғасы Fox тарихында рекорд орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сериалдың жалғасы 7 тамыздан бастап көрсетілді. Теледидар алдында 6,1 млн көрермен жинады.
-
Жыл басынан бері елімізде есірткі таратудың 56 фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының есірткі полицейлері шартты түрде «скорость» деп аталатын психобелсенді заттардың жаңа түрлерін өткізудің 3 фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Арыста не өзгерді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыста әскери қоймада болған жарылыстан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстарымен қатар, тұрғындарға бір реттік өтемақы берілді және әлеуметтік желіде араңдатушылық сипатта ақпарат таратқаны үшін 10 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
-
Жаңадан тағайындалған сенаторлар куәлігін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.
-
Күретамыр қысымы көтерілуінің алдын алу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйене отырып, назарларыңызға күретамыр қысымы көтерілуінің алдын алу жолдарын ұсынамыз.
-
АҚШ бюджет дефициті 866,6 млрд доллардан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка бюджетінің дефициті былтырғымен салыстырғанда 11% асты. Бұл туралы korrespondent.net порталы жазды.
-
Елорда маңына қатынайтын автобус саны ұлғаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №320 автобус бағдарының саны екі есе көбейеді, деп хабарлады Астана LRT.
-
Күніне 300-ге жуық қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері шетелдерге жол тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын 200-300-ге жуық қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Прибалтика, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса қарбыз еккен, деп хабарланды облыс әкімдігінің сайтында.
-
Бүгін жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1,4 млн адамның салық берешегі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
-
Қытайға сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АкТеп» ЖШС 20 тонна мұздатылған сиырдың сүйексіз етін вакуумдық қаптамада Қытай халық республикасына жөнелтті.
-
Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет жүргізілген қызметтік талдау нәтижелерімен Қорғаныс министрлігі және Бас штаб орталық аппаратының құрылымын жетілдіру аясында бірнеше жаңа бөлімше құрылды.
-
Арыс тұрғыны үйін балғамен бұзып тастаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының тұрғыны бір түнде Төле би көшесі, 183 мекенжайында орналасқан өзі тұрып жатқан үйін балтамен бұзып тастаған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасына жазды.
-
Байқоңырда түнде қараусыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр қаласының прокуратурасы Ресейлік әріптестермен бірлесіп, қылмыстың алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды.
-
Үш қалада қосымша ХҚКО ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ашылады.
-
Месси Неймарды "Барселонаға" қайтаруға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубқа бразиялиялық форвард Неймарды қайтарғысы келеді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
-
Атырауда кез келген ауа райына шыдамды 100-ден астам аялдама орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аялдамалардың көбі кеңейту мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге орнатылады, деп хабарлады Атырау қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «Ақорда» резиденциясында экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Гомбрихтің «Өнер тарихы» қазақ тіліне 3 ай аударылды – Байтұрсын Өмірбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық өнертанушылар неміс және ағылшын өнертанушысы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» еңбегін қазақ тіліне аударды.
-
Еліміздің бірнеше облысында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады.
-
Конституциялық Кеңестің мүшесі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің жаңа мүшесін тағайындау туралы құжатқа қол қойды.
-
Сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалу барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалу барысымен танысты.
-
АҚШ Green card талаптарын күшейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ әкімшілігі дүйсенбі күні АҚШ аумағына заңды түрде енетін иммигранттардың санын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін ереже енгізді, деп хабарлады CCN.
-
Жәйремде жағдай тұрақты – полиция
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полиция департаменті 12 тамызда Қарағанды облысының Жәйрем кентінде тау-кен байыту комбинатынының жұмысшылары арасында болған келіспеушіліктерге байланысты түсініктеме берді.
-
Қазақстан президенті БҰҰ бас хатшысына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Мемлекеттік қорық ардагері: Осы стелланың қойылуын 20 жыл армандадым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қоқиқаз бейнеленген стелла ашылды.
-
Гренландиядан 500 жастағы акула табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Атлантикада 5 ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан акула табылды. Бұл туралы «МИР 24» хабарлады.
-
ҚТЖ билет сататын екі сайттың бірін жаппақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» ұлттық тасымалдаушы хабарлағандай, bilet.railways.kz мен epay.railways.kz электрондық теміржол билеттерін рәсімдеу бойынша бір-бірін қайталайтын екі сайттың тек біреуі ғана қалады.
-
Кірпішіне дейін қалдырмайтын сияқты – үлескерлер елордадағы проблемалық үй туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов "Талисман" тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті.
-
Оқушыларға қағаз оқулықтың орнына планшет пайдалануға рұқсат етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қағаз оқулықтардың орнына электронды оқулық пайдалану үшін оқушыларға мектепте планшет немесе ноутбук қолдануға рұқсат етілетінін айтты.
-
Әлемнің ең үздік жобасы Орта Азия елдерінде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасы Central Asia’s Got Talent деп аталатын мега шоуды эфирден көрсетеді.
-
Білімі бар бала ғана оқуға түсу керек – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғаш рет магистратураға түсу үшін ашық негізде тестілеу өткізу арқылы қаншама келеңсіз жағдайлар анықталғанын айтты.
-
Бірнеше елдің музыканттары Ұлытауда бас қосады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші рет «Жезкиік» халықаралық музыкалық фестивалі ұйымдастырылады.
-
Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды, сондай-ақ жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселелері талқыланды, деп жазды primeminister.kz.
-
Атамбаев ісі. Бішкекте тәртіпсіздікті депутаттар мен бұрын сотталғандар ұйымдастырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте тәртіпсіздікті депутаттар мен бұған дейін сотталған адамдар ұйымдастырды. Бұл туралы баспасөз конференциясында Қырғызстанның ІІМ Кашкар Джунушалиев айтты, деп хабарлады 24.kg.
-
Мамин әкімдерге 1 қыркүйекке дейін уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100% дайын болуы керек деп тапсырма жүктеді.
-
280 мың елордалықтың инфрақұрылым мәселесі шешілмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 280 мың елорда тұрғыны инфрақұрылым мәселесі бар қала маңындағы елді мекендерде тұрады.
-
Жәйрем кентіндегі оқиғаны реттеу үшін Ерлан Қошанов барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс болды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Көлгінов LRT құрылысына қаржы қайдан алынатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Halyk Bank пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі LRT құрылысын қаржыландырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
-
Мамин бюджет қаржысын игермеген әріптестерін жауапқа алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында жеті айдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысын уақытында игермеген министрліктер мен өңірлер туралы айтты.
-
Министр мен әкімдердің назарын аударғым келеді – Әбдіқалықова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылының жақындауына байланысты әкімдер мен білім және ғылым министрі қандай мәселеге назар аудару керектігін айтты.
-
Алматыда тегін велоспорт секциясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық велокоманда Apple team 9 жастан асқан балаларға велоспортпен тегін айналысуға мүмкіндік сыйлап отыр. Бұл туралы қазақстандық ақпараттық орталығы хабарлайды.
-
Биыл 405 мыңнан астам бала алғаш рет мектепке барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы оқу жылында 3 миллионнан астам бала білім алады. Оның ішінде 405 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Ғалымдар ауруды сезінетін және өзін-өзі емдейтін жасанды қол ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кембридж университетінің ғалымдары ауруды сезінетін және өз-өзін қалпына келтіретін жасанды қол ойлап тапты. Бұл туралы hightech.fm сайты жазды.
-
Боливияда автобус пен жүк машинасы соқтығысып, 11 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жантүршігерлік жол апаты салдарынан 6 әйел және 5 ер адам қаза тапты.
-
Телефон алаяқтары картадан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Телефон алаяқтары банк карталарының иелерін алдаудың жаңа жолын тапты. Бұл туралы «Российская газета» жазады.
-
«7-20-25»: Жыл басынан бері 10 мың өтініш мақұлданған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың қаңтарынан бастап «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 16 677 өтініш келіп түсіп, оның 9813-і мақұлданған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
-
Қарағанды облысында ұлттық парк өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясына тиесілі орман өртеніп жатыр.
-
Тұрғын үйді тапсыру бойынша Түркістан көш бастап тұр – Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр құрылыс пен тұрғын үй тапсыру бойынша қай өңірлер алда келе жатқанын мәлімдеді.
-
Теңге бағамы жыл басынан бері 0,9% әлсіреген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында жеті айдағы теңге бағамының динамикасы туралы баяндап, ішкі валюта нарығындағы ахуал көп жағдайда сыртқы факторлардың ықпалымен дамитынын айтты.
-
Ұлттық экономика министрі қай облыстар артта келе жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өңірлердің 2019 жылдың қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтты.
-
Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде сақталды – Ұлттық банк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жеті айдағы инфляция деңгейінің динамикасы туралы айтты.
-
7 айдың ішінде ЖІӨ 4,2% өсті – Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
-
Елордада мұғалімдерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім саласындағы қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы elorda.info сайты хабарлайды.
-
Павлодарлық полицейлер есірткі жарнамасымен күресуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Павлодардың аулаларында кезекті велорейд өткізді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Германияда баспана бағасы қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда пәтерақының бағасы жыл сайын шарықтап барады. Мысалы, соңғы 12 жылда Мюнхенде жалдамалы пәтердің бағасы 61%-ға өссе, Берлинде 70%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды 24.kz.
-
Жүк тасымалдау тарифі қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы шілдеде экономиканың жекеленген сигменттерінде баға өзгерді. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 13 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
-
Елімізде металл кенінің өндірісі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 2019 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,7% құрады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
-
Боксшы жарысқа қатысу үшін 2,5 шақырымды жүзіп өткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үнді боксшысы Нишан Монхару Кадам көршілес жатқан Бегалуру штатындағы жарысқа қатысу үшін 2,5 шақырымды жүзіп өткен, деп жазады Prosports.kz.
-
Қазақстандық оқушылар 12 жылда алғаш рет информатикадан халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 жылдан бері бірінші рет қазақстандық оқушылар Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.
-
Қарағанды облысының әкімі өңірдегі жолдарды жөндеу барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда биылғы жылы тек орталық көшелердің ғана емес, сонымен қатар жеке секторлардағы жолдар жөнделуде, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
-
Археологтар «Қалмақ қырылған» ескерткішін зерттеуді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Торайғыров атындағы ПМУ Археологиялық зерттеулер орталығының қызметкерлері Май ауданында XVIII ғасырдағы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қақтығыстардың заттай дәлелдерін табуға ниетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Жыл басынан бері санавиация шетелден 15 қазақстандықты елге жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 1513 ұшуды жүзеге асырды. Сондай-ақ, орталық қызметінің барлық кезеңінде 15498 ұшу орындалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.
-
Грекия мен Испанияда орман өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отты өшіруге дәл қазір аптап ыстық пен жел кедергі жасап тұр. Алапат өрт Грекия астанасына да таяп қалған. Ал Испанияда тілсіз жау Канар аралдарын жайпап барады, деп хабарлайды 24.kz.
-
Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
-
Қарағанды облысында дәрігерлер туралы мәліметтер жазылған интерактивті карта жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жас медицина кадрлары туралы барлық ақпарат жинақталған интерактивті карта жасалды. Оның көмегімен қандай ауруханаға немесе емханаға медуниверситеттің түлегі жұмыс істеуге келетінін білуге болады.
-
700 жас жеті өңірге сапарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл өзені жағалауындағы «Амфитеатрда» 1700 астам белсенді жас JASTAR KERÝENI слетінің ашылуында бас қосты.
Наверх