Қарағанды облысының әкімі өңірдегі жолдарды жөндеу барысымен танысты

13 Тамыз 2019, 05:33
1163
Бөлісу:
Қарағанды облысының әкімі өңірдегі жолдарды жөндеу барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда биылғы жылы тек орталық көшелердің ғана емес, сонымен қатар жеке секторлардағы жолдар жөнделуде, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Бюджеттен 17 орамаралық жолдарды қалыпқа келтіруге қаражат бөлінді. Олардың 11-де жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалғандарында тамыздың соңына дейін асфальт төсеп, жөндеулерді аяқтау жоспарланып отыр.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапары барысында қазіргі күні күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқан Құрылысшылар даңғылында болып қайтты. Мұнда қиыршықтас-мастикалық асфальтбетон төселеді. Бұл төзімділігі жоғары заманауи жол жабыны. Жүргізушілер осы көшедегі жолдың ашылуын тағатсыздана күтуде.

"Бүгінгі таңда жұмыстардың 70% орындалды. Келесі аптада Приканальная көшесінде қозғалысты ашатын боламыз. Ал Құрылысшылар даңғылындағы жолды толығымен қыркүйекте ашамыз", - деп мәлімдеді «Агродор» ЖШС директоры Наталья Мальчушкина.

Бас мердігер фирманың жетекшісі барлық жұмыстар кестеге сай жүргізіліп, ешқандай қалыс қалып жатпағандарын атап айтты.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сәбит Оспановтың айтуынша, облыс орталығында жолдардың 60%-ы қанағаттанарлық және жақсы жағдайда, және де жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Ол сонымен қатар биылғы жылы Магнитогорская және Карл Маркс көшелерінде жол жөнду жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Бұл 2019-2021 жылдарға есептелген үш жылдық жоспар. Қазіргі таңда байқау процедуралары аяқталып, жақын арада мердігерлер анықталады.



Өзгелердің жаңалығы