Боксшы жарысқа қатысу үшін 2,5 шақырымды жүзіп өткен

13 Тамыз 2019, 07:17
2092
Бөлісу:
Боксшы жарысқа қатысу үшін 2,5 шақырымды жүзіп өткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үнді боксшысы Нишан Монхару Кадам көршілес жатқан Бегалуру штатындағы жарысқа қатысу үшін 2,5 шақырымды жүзіп өткен, деп жазады Prosports.kz.

Селдің салдарынан боксшы тұратын ауылға жүретін жалғыз жол жабылып қалған. Алайда Нишан ештеңеге қарамастан, турнирге қатысуға бел байлап, су басқан 2 жарым шақырым жерді жүзіп өткен. Мұндай қиындықтан кейін боксшы жарыста күміс жүлдені қанжығалады.



Өзгелердің жаңалығы