Гренландиядан 500 жастағы акула табылды

13 Тамыз 2019, 14:40
3273
Бөлісу:
Гренландиядан 500 жастағы акула табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Атлантикада 5 ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан акула табылды. Бұл туралы «МИР 24» хабарлады.

«Жыртқыш акула гренландиялық акулалардың бір түріне жатады. Ғалымдар оның жасын 2 көрсеткіш арқылы анықтады. Біріншіден, акуланың жасы бойының ұзындығы арқылы анықталды. Бұл акулалар жыл сайын бір сантиметрге өседі. Қазір мұхиттың «ең көне тұрғынының» ұзындығы 5 метр 40 сантиметрді құрайды», - делінген хабарламада. 

Екіншіден, акуланың жасы көз жанарына жасалған радийкөміртек анализ арқылы анықталды. Үлкейген сайын акуланың көз бұршағында қабаттар пайда бола бастайды.

Айта кетейік, жыртқыш акула 1505 жылы Иван Грозныйдың әкесі III Василий таққа отырған кезде дүниеге келген болуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы