Боливияда автобус пен жүк машинасы соқтығысып, 11 адам қаза болды

13 Тамыз 2019, 10:45
2148
Бөлісу:
Боливияда автобус пен жүк машинасы соқтығысып, 11 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жантүршігерлік жол апаты салдарынан 6 әйел және 5 ер адам қаза тапты. 

ABI агенттігінің хабарлауынша, Боливияда қарама-қарсы бағытта келе жатқан автобус пен жүк машинасы бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан 11 адам тіл тартпай кетті, 2 адам жарақаттанды.  

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні таңертең болды. Қаза тапқандардың арасында жүкті әйел мен бала да бар. 

"Құжаттары болмағандықтан қаза тапқандардың басым бөлігінің аты-жөнін анықтау қиынға соғуда", - делінген хабарламада.  

Жергілікті полиция жол апатының не себепті болғанын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша жүк машинасының жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен немесе мас күйінде көлік жүргізген болуы мүмкін. 

Жүк машинасының жүргізушісі дін аман. Оны тәртіп сақшылары тергеу изоляторына қамады. 
 

Өзгелердің жаңалығы