Ғалымдар ауруды сезінетін және өзін-өзі емдейтін жасанды қол ойлап тапты

13 Тамыз 2019, 11:01
2208
Бөлісу:
Ғалымдар ауруды сезінетін және өзін-өзі емдейтін жасанды қол ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кембридж университетінің ғалымдары ауруды сезінетін және өз-өзін қалпына келтіретін жасанды қол ойлап тапты. Бұл туралы hightech.fm сайты жазды. 

Зақымданған жерді тауып, өзін қалпына келтіретін қолдың арқасында қомақты қаржы үнемдеуге болады дейді мамандар. Олар бұл функцияның арқасынада өндірісте тоқырау болмайды деп отыр. 

Томас Джордж Турутель жобаның ғылыми қызметкері жасанды қолдан үлкен үміт күтіп отырғанын жасырмайды. Оның айтуынша, қол модульді және эволюциялық робототехникада өз пайдасын тигізеді дейді.

«Біз орындаушы механизм мен хабаршыны (датчик) қоса отырып өз-өзін қалпына келтіретін материалдарды өңдеп, біріктіреміз. Олар жарақатты тауып, ауыздықтап және әрі қарата қадағалап отырады», - деді ол.

Бұл тәжірибеге Брюссель университеті және зерттеу консорциумының құрамына кіретін Кембридж университеттерінің, физика және химия өнеркәсібінің жоғарғы мектебі, голландиялық полимер шығаратын SupraPolix және материалтану бойынша Швейцария федералдық лабораториясы зерттеу тобы кіреді. 

Өзгелердің жаңалығы