Все новости за 21 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеде тарихи ескерткіштерге белгі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Мәртөк және Қобда аудандарындағы ескерткіштер зерттеліп, белгі қойылады. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Елордалық құтқарушылар су айдындарда рейд жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаланың су айдындарында арнайы рейдтер жүргізді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
-
Мобильдік қосымша жасайтын мамандарға кәсіптік стандарттар бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда мобильдік қосымшаны жасап шығаратын мамандарға және үлкен сұранысқа ие басқа да мамандарға арналған кәсіптік стандарттар бекітілді.
-
Жастар жылы аясында жаңа жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» атты жаңа жобаны іске қоспақ, деп хабарлады аталған мекеменің баспасөз қызметі.
-
Елордада жылдың үздік тәрбиешісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Egovkzbot арқылы жарты млн қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді қолжетімді еткен @egovkzbot қызметіне бір жыл толды, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
-
Семейде Әзілхан Нұршайықовтың атына көше берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жаңа көшенің ашылу салтанаты болды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
-
Елбасы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларды түсіндіру жөніндегі үкіметтік жұмыс тобының қызметі туралы мәлімделді.
-
Елордада Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы аталып өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мамырда елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Сәкен тағылымы және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтеді.
-
Қазақстан Президенті «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнының жұмысымен танысты.
-
Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған байқаудың қорытынды кезеңі өтеді, деп хабарлады Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы.
-
Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы тыңғылықты жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа КТК-нің қолданысқа берілуі облыс орталығының сол жағалауындағы кәріз қорын тазалау мәселесін шешеді. Ол биылғы жылдың соңына жоспарланған, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Қазақстанда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Ұлттық киноға қолдау көрсететін мемлекеттік орталық өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз Facebook парақшасында жазды.
-
Әлем садақшылары елорда төрінде жиналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында Жамбы атудан өтетін «Алтын жебе» І Әлем чемпионатында дүниежүзінің айтулы мергендері бақ сынайды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы.
-
Елордадан көпбалалы 18 отбасы Павлодар облысына қоныс аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ұзақ жыл баспана кезегінде тұрған жандарға Екібастұз қаласынан арендалық пәтер берілді. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
-
Жамбыл облысында оқушылардың жазғы маусымы қалай ұйымдастырылады?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы оқу жылында Жамбыл облысындағы 446 жалпы білім беретін мектепті 222 801 оқушы аяқтайды.
-
21 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 21 мамырда Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.
-
Қазақ үш мәрте ашаршылықты көрген халық – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ашаршылықтың алғашқы толқыны оңтүстік өлкеде 1917-1918 жылдары болды. Бұл туралы тарихшы Бейбіт Қойшыбаев «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының отырысында айтты.
-
СІМ 59 бақылаушыны аккредиттеу туралы ұсыныс берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина Сыртқы істер министрлігінен президент сайлауына бірқатар миссия байқаушыларын аккредиттеуге ұсыныстар келіп түскенін айтты.
-
Жақып Асанов Жоғарғы сот департаментінің жаңа басшысын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары сот органының төрағасы Жақып Асанов Жоғарғы соттың судьялары мен қызметкерлеріне Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Наиль Рафисұлы Ахметзакировты таныстырды.
-
Бала асырап алуға қолдау көрсетіледі
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. «Ана үйі» қоғамдық қорының жанынан ашылған «Асырап алуға қолдау көрсету орталығы» деп аталатын маңызды әлеуметтік жоба аясында бала асырап алғысы келетін жандарға қолдау жасалады.
-
ОСК халықаралық байқаушыны аккредиттеудің күшін жойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйым байқаушысы Александр Джон Фолксты аккредиттеудің күші жойылғанын мәлімдеді.
-
Қызылжарлық "Сегіз сері" оркестрінің 54-маусымы жабылды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарлық Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің 54-маусымы жабылды. Өнер ұжымы көрерменіне «Ұлы дала әуендері» атты концертті тарту етті.
-
Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының «Сатты» командасы мен Ақмола облысының құрамасы кездесті. D тобында өнер көрсететін Павлодар облысының құрамасы кеше қарсылассыз қалып, ойынға бүгін араласты.
-
ОСК президент сайлауында дауыс берушілердің нақты санын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша сайлау комиссияларына беру туралы қаулы қабылданды.
-
Төрт айдың ішінде 900 есірткі қылмысы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұртай Әбілмәжінов айтты.
-
ОСК сайлау бюллетенінде кандидаттар қандай тәртіппен орналасатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекітті.
-
Түркістан облысында 21 гектарға жылыжай кешені салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы 27 млн долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді.
-
Келер жыл еріктілерді қолдауға арналады – Президент
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы іссапары барысында Қазақстан-Ресей жастарының форумына қатысты.
-
Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Бектөбе ипподромында Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионаты өтіп жатыр.
-
БАӘ елшілігі көпбалалы аналарға ауызашар берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі елордадағы көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ауызашар өткізді.
-
Қазақстанда тұрғындар саны 50 мыңнан асатын елді мекендер 5G байланыс желісімен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді.
-
Ресейдегі «қазақтар» алаңға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде Ресейде екі қазақстандық футболшы ойнап жүр. Өткен аптада екі жерлесіміз де алаңға шықты.
-
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.
-
Қостанай облысында 3 градусқа дейін күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қостанай облысында дауылды ескерту жариялады.
-
Ел чемпионаты. "Нарын" "Адай атаны" айқын басымдықпен ұтты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпар алаңына шыққан қос команда да осал емес. Атырау облысының "Нарын" командасы мен Маңғыстау облысының "Адай ата" командалары арасындағы ойын тартысты өтті.
-
ШҚО-да шағын несиелеуге бөлінген қаржының басым бөлігі ауылды жерлерге бағытталмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 3,5 млрд теңге қаражат ауылдық елді мекендер мен кішігірім қалалардың тұрғындарына шағын несие түрінде берілмек.
-
Польшада әйел бірден алты баланы дүниеге әкелді
Алматы, BAQ.KZ. Польшаның Краков қаласының тұрғыны бірден төрт қыз бен екі ұл босанды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
-
Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойындары бойынша екінші күні топтық кездесулер жалғасып жатыр.
-
Қарағандыда «ақылды» орындықтар пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Wi-Fi тарататын орындықтар қайта іске қосылды. Қыста бұл орындықтар алынып тасталған болатын, ал қазір «Арбат» сауда үйінің алдындағы алаңға қайта орнатылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Әлем бойынша ең көп жалақы төлейтін қалалар белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Сарапшылар әлемдегі жалақысы ең жоғары қалаларды атады. Бұл жайында Deutsche Bank зерттеулеріне сілтеме жасай отырып Bloomberg хабарлады.
-
Жетісайда 12 көпбалалы отбасыға баспана салынуда
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінде «Баспанаға жол» акциясы аясында 12 отбасылық 6 баспананың іргетасы қалануда.
-
Көкшетауда «Ескі пәтер» ретро-көрмесі ашылды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда шаһардың өткен ғасырдағы тарихынан сыр шертетін ретро-көрме ашылды.
-
Министр Ержан Максимнің концертіне Димаштың қатысуы жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жас әнші Ержан Максимнің концертіне Димаш Құдайбергеннің қатысу-қатыспауын сұрап білмек болды.
-
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Анаға апарар жол» фильмі 24 мамырдан бастап АҚШ-та прокатқа шығады. Бұл туралы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Ел чемпионаты. «Әулие ата» кешегі жеңісін қайталады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорттан Тараз төрінде өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінен кейін алаңға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Алматы қаласының құрамасы шықты.
-
Ақпарат комитетінің басшысы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Сүйіндік ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанның мемлекеттік борышы 15,3 трлн теңгені құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есептері таныстырылды.
-
Темекісіз өмір салты әлеуметтік нормаға айналуы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір топ қазақстандық ғалымдар темекіні қыздыру жүйелерін пайдалану темекіге қарағанда әлдеқайда денсаулыққа зиянсыз екендігін айтады.
-
Сенат төрағасының орынбасары Украина президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 мамырда Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
-
Ұлттық спорттан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тараз қаласының Бектөбе атшабарында Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
-
Арыстанбек Мұхамедиұлы балаларға арналған тегін туристік пойыз шығаруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдан бастап барлық өңірге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
-
Үкімет 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есептері таныстырылды.
-
Мамин балалардың жазғы демалысына көңіл бөлмеген өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында балалардың демалысы жоғары деңгейде жоспарланған.
-
Әбдіқалықова жазғы демалысты ұйымдастырудағы ұсынысын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға аса мән беру керектігін айтты.
-
Шәмшидинова балаларды жазғы демалыста қандай қызықтар күтіп тұрғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова алдағы балалардың жазғы каникулы қалай ұйымдастырылатынын айтып берді.
-
Алматы облысында 100 көпбалалы анаға отбасылық демалыс ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында 40 мың жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың баласы жазғы демалыспен тегін қамтылады. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында өңір әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
-
Ел чемпионаты. «Құлагер» бүгін де қара үзіп шықты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпардан топтық кездесу ойындарының екінші күні екінші болып алаңға Түркістан облысының «Құлагер» командасы мен ШҚО құрама командасы шықты.
-
Баскетболдан қазақстандық команда Азия чемпионатына іріктеу сынын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына аймақтық іріктеу турнирі басталды. Іріктеу сынының алғашқы матчында қазақстандықтар Түркменстаннан келген қарсыластарын оңай жеңді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Алматыда 1989 жылғы алапат кезінде көз жұмған өрт сөндірушілерді еске алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 1989 жылы мамыр айында «Алматы-2» станциясында болған өртті сөндіру кезінде көз жұмған құтқарушыларды еске алды, деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-
Қарағанды облысында көпбалалы отбасылардың балалары сауықтыру шараларымен қамтылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында көпбалалы отбасылардың барлық баласы 100% сауықтыру шарасымен қамтылған. Бүгінгі Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жазғы маусымда балалар демалысының ұйымдастырылу барысымен таныстырды.
-
Халықаралық тәжірибесі бар кәсіби басқарушы компанияларды тарту керек – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту бойынша қандай жұмыс істелгенін және проблемаларды атап өтті.
-
Өскемендіктер шалшық арнаны тазарту үшін сенбілікке шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғындары «Заречный» базарының артындағы шалшық арнаны тазарту үшін бірінші рет сенбілікке шықты. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Ел чемпионаты. «Астана» ақтөбеліктерден басым түсті
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының екінші күні.
-
Қазақстанда 12 арнайы экономикалық аймақ құрылған – Роман Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда қазіргі уақытта 12 арнайы экономикалық аймақ және 23 индустриялық аймақ құрылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.
-
Шымкентте «Жұлдыз» индустриалдық аймағы құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет отырысында өңірдегі арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардың жұмысын таныстырды.
-
Павлодар облысында балалар тағамын өндіретін зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ұлыбританиялық United Green компаниясы 2019-2021 жылдарында балалар тағамын өндіретін зауыт және 10 000 басқа арналған сүтті-тауарлы фермалар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Қазақстанда ішкі туризм бойынша ақпараттық турлар циклі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы орналастыру орындарының қызметін 4,6 млн-нан астам ішкі туристер пайдаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Атырауда дәстүрлі әндер фестивалі өтті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі әндер фестивалі өтті. Аталған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар бас қосты.
-
Павлодар облысында жазда түрлі бағыттағы 800-ге жуық лагерь жұмыс істейді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде осы жылдың жазында 98 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылады. Бұл аймақтағы мектеп оқушыларының 98,8% құрайды.
-
21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын болады. Кей жерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Наверх