Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді

21 Мамыр 2019, 15:13
1561
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Сапар барысында Мемлекет басшысының Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысуы жоспарлануда", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады.

Өзгелердің жаңалығы