Ел чемпионаты. «Құлагер» бүгін де қара үзіп шықты

21 Мамыр 2019, 11:07
3768
Бөлісу:
Ел чемпионаты. «Құлагер» бүгін де қара үзіп шықты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпардан топтық кездесу ойындарының екінші күні екінші болып алаңға Түркістан облысының «Құлагер» командасы мен ШҚО құрама командасы шықты. 

Екі команда да осал емес. Кеше «Құлагер» Ақтөбе облысының «Әлімата» командасын 16:2-мен ойсырата ұтқан болатын. Ал ШҚО кеше «Астанан» әрең жеңген болатын. Тіпті, төрешілер бұл екі командаға қосымша уақыт беріп, шыңыстың жігіттері сол мүмкіндікті пайдаланған болатын.

Ел чемпионаты. «Құлагер» бүгін де қара үзіп шықты

Сонымен, ойынның алғашқы айналымында қос команда есепті 8:2-ге жеткізді. «Құлагердің» жігіттері қамшы салдырар емес.

Ойынның екінші бөлігінде ШҚО жігіттері есеп айырмашылығын жақындата алмады. Еліміз бойынша даңқы шыққан «Құлагер» командасы бұл ойында да өзінің шеберлігін танытты. Есеп – 15:2.

Ел чемпионаты. «Құлагер» бүгін де қара үзіп шықты

Салым салғандар:

ШҚО – Артур Бикинин – 1 салым, Дарын Аөмадиев – 1 салым.
«Құлагер» - Бақтыбай Шырынқұлов – 1 салым, Әділет Мамыт – 2 салым, Абылайхан Нышанбеков – 1 салым, Асланбек Сайдулла – 3 салым, Нқржігіт Мырзабаев – 1 салым, Темірхан Айтбаев – 1 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров – 2 салым, Мейірбек Болысбек – 1 салым, Жорабек Ақбаев – 2 салым, Бәйдібек Сабыров – 1 салым.

«Құлагер» командасының көкпаршыларының барлығы дерлік салым салды.

Ел чемпионаты. «Құлагер» бүгін де қара үзіп шықты

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы, Бектөбе атшабарында 19-26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты өтіп жатыр. Кешеден бері көкпар ойындары бойынша топтық кездесу ойындары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, осы чемпионатта көзге түскен, жақсы ойын көрсеткен көкпаршылардан 2019 жылы қарашада Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көкпардан өтетін ІІ Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы