Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды

21 Мамыр 2019, 16:11
1702
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Бектөбе ипподромында Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионаты өтіп жатыр.


Көкпардың топтық кезең ойындарының екінші күнінде Қостанай облысы құрама командасы мен СҚО құрама командалары арасындағы ойын тым тартысты бола қойған жоқ.

Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды

Түскі үзіліске дейін сайысқа түскен «Әлімата» мен «Астана», «Құлагер» мен ШҚО, «Әулие ата» мен Алматы қаласы, Қызылорда облысы мен БҚО, «Адай ата» мен «Нарын» командалары арасындағы тартысты бәсекеден кейін мына командалардың ойыны тым қызу болмады.

Соған қарамастан СҚО құрама командасы ойынның алғашқы айналымында есепті 3:0-ге жеткізді.

Қостанай облысының құрамасы екінші айналымда да есепті еселей алмады. Соңғы айналымдағы ұпай санымен жеңімпаз команда – СҚО құрамасы екені анық болды. Есеп – 9:0.

Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды

Салым салғандар:

Қостанай облысының құрамасы – 0.

СҚО: Еркебұлан Дүйсекеев – 2 салым, Бейбіт Амангелдинов – 2 салым, Руслан Смағұлов – 1 салым, Данияр Ғалинұров – 2 салым, Нұрсұлтан Әбесов – 1 салым, Ринат Ибрагимов – 1 салым салды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Әулие ата» мен Алматы қаласы құрамасы арасындағы ойында алматылықтар 8:0 болып жеңілған болатын.

Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды

Бұл ойыннан кейін бүгінгі күннің соңғы командалары алаңға шығады. Олар – Павлодар облысының «Сатты» командасы мен Ақмола облысының құрамасы.

Ел чемпионаты. Тағы бір команда ұпайсыз қалды

Өзгелердің жаңалығы