Все новости за 18 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО қасқыр саны бойынша 4 орында
Астана, BAQ.KZ. Жалпы Қазақстанда 13214 қасқыр бар. Шығыс Қазақстан түз тағысының саны бойынша алғашқы үштікті өкшелеп тұр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Түркістанда көпбалалы аналарды қолдауға арналған жобалар жанданады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесі қаралды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды
Астана, BAQ.KZ. Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды. Біздің спортшылар шорт-тректе «алтын» және биатлонда «күміс» жүлде ұтып алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады
Астана, BAQ.KZ. Ыңғайлы әрі қауіпсіз қала ортасын құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті объектілерінің архитектуралық жарықтандыруын орнату жалғасуда. Биылғы жылы қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Талдықорған қаласында қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде қаладағы шағын аудандардың біріндегі жалдамалы пәтерден бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды.
-
Жүрегіне ота жасайтын балалардың 40% ауылдан келеді - маман
Астана, BAQ.KZ. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жылына 7,5 мың емделушіге қызмет көрсетіледі, олардың 30% - балалар.
-
Қазақстандық 15 дәрігер Түркияға тәжірибе алмасуға бармақ
Aстана, BAQ.KZ. Қазақстандық 15 дәрігер Түркияға ауруханалары мен емханаларына бір аптаға тәжірибе алмасуға бармақ.
-
Қарағанды бір мезетте бірнеше көлік соқтығысып қалды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ақпан айының 17-18 күндері ауа-райының қолайсыздығы салдарынан аймақта бірнеше жол апаты орын алды, жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тауып, бірнеше адам дене жарақатымен ауруxанаға жеткізілген.
-
Ауғанстанның солтүстігінде 17 содырдың көзі жойылды
Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстан үкімет күштері Қайсар ауданында жасырынып жатқан «Талибан» қозғалысына соққы жасады, нәтижесінде 17 содырының көзі жойылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
-
Жұмыссыз аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы
Астана, BAQ.KZ. Егер баланың анасы жұмыс істемесе, оған бала туғаннан кейін жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен жылы ШҚО-да 22 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда 21 920 нәресте дүниеге келді. Десек те, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда бір пайызға аз. Облыс бойынша туылғандар саны төмендегеніме, Өскемен, Семей қаласы мен Жарма, Зайсан, Катонқарағай және Ұлан аудандарында көрсеткіштің өскені байқалды. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Статистика департаменті Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы Асхат Өмірзақов хабарлады.
-
Министр Тұрғымбаев батыр баламен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз өміріне қауіпті болғанына қарамастан тереңдігі екі метрден асатын құдыққа түсіп кеткен бес жастағы баланы құтқарып алған 10-сынып оқушысы Надир Омарғазиевпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қазақстан делегациясы Каспий теңізі мәселелері жөніндегі жұмыс тобына қатысады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 19-20 ақпанда Баку қаласында Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізі жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтеді.
-
ТЖК су басу қаупі бар 505 елді мекенді анықтады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер көктемде су басуы мүмкін 505 елді мекенді анықтады. Бұл туралы ол ТЖК қабырғасында өткен брифингте мәлімдеді.
-
Астананың тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін құжаттар тізімі жаңартылды
Астана, BAQ.KZ. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға 2019 жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны аралығында тізімге сәйкес құжаттарын жаңарту қажет. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Төтенше жағдайлар комитеті автокөлікпен алыс жолға шықпауға кеңес берді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер қазақстандықтарға алдағы екі күнде ауа райына байланысты автокөлікпен жолға шықпауға, сапарларын кейінге қалдыруға кеңес берді.
-
Павлодар облысында төрт жылда алғаш рет қызылшаның белгілері тіркелді
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде соңғы төрт жылда қызылшаның бірде бір оқиғасы тіркелмеген. Эпидемиологиялық маусымда ауру белгілері бар 78 оқиға тіркеліп, зертханалық тексерулер нәтижесінде 34 оқиға расталды. Дертке шалдыққандардың барлығы - балалар.
-
Германиялық инвесторлар Қазақстанға 123 млн доллар инвестиция салады
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 2019 жылы Германияның инвестициялары есебінен 123 млн доллардың жобасы жүзеге асырылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
-
Беккер өрт датчиктерін қоймаған облыстарды атады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өңірлерде өрт датчиктерін орнату жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
-
31 мың адам өрт қауіпсіздігін тексеретін мамандарды үйлеріне кіргізбеген
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жаңдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны туралы баяндады.
-
Ақтөбеде өрт болып, бір отбасы баспанасыз қалды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қаласы маңындағы Құрылыс-1 саяжайында өрт шығып, бүтін бір отбасы баспанасыз қалды. Оқиға 16 ақпанда күндізгі сағат 13.00 шамасында болған. Үш бөлмелі тұрғын үйдің пешінен өрт шыққан. Сол мезетте баспанада 4 адам болыпты. Үшеуі бала.
-
Ресейде жол апатына ұшыраған қазақстандық тергеліп жатыр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 29 қарашасында Ресей Федерациясының Челябі-Екатеринбург қаласында болған.
-
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 19 ақпан күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
-
Көкшетаулық қариялар ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын меңгеруде
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы «Достық» үйінде «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарт адамдардың уақытын тиімді өткізуге арналған белсенді өмір сүру орталығы ашылды.
-
Талдықорғанда қарамағында жезөкшелер ұстаған қонақ үй әкімшілігі анықталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Талдықорғанда тәртіп сақшылары жергілікті қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқан және оларға жағдай жасаған топты анықтады.
-
Алматыда 120 көшеге жарық диотты шамдар орнатылады
Алматы, BAQ.KZ. Ыңғайлы әрі қауіпсіз орта құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті нысандарының сәулетті жарықтандыруын орнату жалғасуда.
-
Коммуналдық төлемдер автоматтандырылуда
Алматы, BAQ.KZ. Алматы су мекемесі тұтынушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін қабылдауды автоматты жүйеге ауыстыруда.
-
Елімізде ескі көліктерді қабылдауға арналған квота бекітілді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда пайдаланудан шыққан автокөліктерді қабылдауға арналған 2019 жылғы квота бекітілді. Бұл жөнінде ҚазТАГ ақпараттық порталы Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
-
Қарағанды облысында 200-ге жуық жаңа стартап-жоба қолдау табады
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау шағын және орта бизнестің дамуына үлкен септігін тигізді. Бұл салада соңғы жылдардағы ең үлкен көрсеткіштер байқалуда. Өндіріс 21% астам жоғарылаған, әрекеттегі субъектілер 6 % өскен, ал жұмыс орындары 6,4% ұлғайды.
-
Алматы мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальде бақ сынайды
Алматы, BAQ.KZ. Аталған театр Ресейдің Челябинск қаласында өтетін «СНЕLoВЕК ТЕАТРА» кіші формада сахналанатын спектакльдердің VII Халықаралық театр фестивалінде өнер көрсетеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
-
ЭЦҚ-ның неліктен онлайн берілмейтіні белгілі болды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтарға электронды сандық қолтаңбаны алу үшін бір рет ХҚКО бару жеткілікті екенін айтты.
-
Шалқарлық көлік жүргізуші егде жастағы әйелді өрттен аман алып қалды
Астана, BAQ.KZ. Шалқар қаласында болған өрт оқиғасы кезінде өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі Қуанар Баймурзин 64 жасар әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
2018 жылы eGOV порталына 14 млн шабуыл жасалған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы ҚР ҰҚК Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесе Киберқауіпсіздік оқиғаларына қарсы әрекет ету жөніндегі Security Operation Center құрылады.
-
Қарағанды өңірінің әкімдері аулаларды аралайды
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әлеуметтік мәселелерге қатысты тапсырмалар берді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
-
Бубновский: Жағдайыңды жасыңа қарап анықтайтын дәрігерден сақтан
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Адам тісін күніне екі рет жууды қалай әдетке айналдырса, омыртқасы мен буындарына күтіммен қарап, күн сайын жаттығу жасауды да әдетке айналдыру керек. Бұл туралы Астанада өткен «Омыртқа және буын» семинарында кинезитерапия – емдік дене шынықтыру жөніндегі жетекші маман Михаил Бубновский айтты.
-
eGOV.kz арқылы деректерді сақтау мүмкін болмақ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов 2019 жылы «Электрондық үкімет» порталында іске асатын жобалар туралы баяндады.
-
mGOV қосымшасымен 90-ға жуық мемлекеттік қызмет алуға болады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. mGOV мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мәлімдеді.
-
Былтыр eGOV.kz арқылы 27 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов 2018 жылы «Электрондық үкімет» порталында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
-
Депутат баспанамен қамту жайлы: Жастардың жасын көтеру керек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанова жалға берілетін тұрғын үй алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды.
-
Иран қанатты зымырандары бар жаңа сүңгуір қайығын таныстырды
Алматы, BAQ.KZ. Жоғары класты «Фатех» сүңгуір қайығы Иран әскери-теңіз күштерінің құрамына енгізілді, деп жазды Иран ислам республикасының ИРНА ақпарат агенттігі.
-
Арықтарды тез арада тазалау керек – Семей қаласының әкімі
Астана, BAQ.KZ. Демалыс күндері Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов су тасқыны қаупі бар қаланың біраз аудандарында тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Ресей Байқоңыр айлағынан әскери аппараттарды ұшыруын тоқтатады
Астана, BAQ.KZ. Ресей 2020 жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық әскери аппаттарын ұшыруды тоқтатады.
-
Ұшақта ақау шығып, Алматы-Астана рейсі кешіктірілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайында Bek Air әуекомпаниясының ұшағынан ақау шығып, жолаушылар кешігіп ұшты.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. 19-21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін ҚР ІІМ-де министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі – баспасөз хатшысы таныстырылды.
-
Еліміздегі сауалнама нәтижесі: Жастар отбасылық бақытты бірінші орынға қойды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде осылай деді.
-
Онкологтар обыр дертіне шалдығу қаупін күшейтетін өнімді атады
Астана, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Андерсон атындағы онкологиялық орталықтың ғалымдары қантты шамадан тыс тұтыну обыр дертінің туындау қаупін арттыратынын анықтады. Бұл жөнінде Корреспондент ақпараттық порталы хабарлады.
-
Астаналық оқушыларға екінші ауысымда сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Елордадағы мектептерде ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.
-
Ақтөбелік дәрігерлер 11 айлық сәбидің тамағында тұрып қалған жаңғақты алды
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбелік балалар хирургі мен эндоскопист санитарлық авиациямен Шалқарға ұшып барып, баланың өмірін аман алып қалды. Бұл туралы Ақтөбе қалалық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы хабарлады.
-
Жастар арасындағы суицид әлі де өзекті - Кәлетаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселесін көтерді.
-
Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 15-17 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мәскеуде қазақша күрестен Ресей чемпионаты өтті
Астана, BAQ.KZ. Мәскеуде Ресейдің қазақша күрестен алғашқы ашық чемпионаты өтті. Бұл жөнінде ҚазТАГ ақпараттық порталы хабарлады.
-
Біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешкен жоқпыз - министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде осылай деді.
-
Түркістанда 59 қызмет түрі бойынша тариф төмендетілді
Астана, BAQ.KZ. Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыстағы нарық субъектілерінің 59 қызмет түрі бойынша тарифтері төмендетілді, деп мәлімдейді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Көктайғақта қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?
Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары көктайғақта және жолда қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек екендігін айтты.
-
Қостанайлық диқандар 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді
Астана, BAQ.KZ. Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Алдағы көктемгі дала жұмыстарында аймақ диқандары 4 млн 700 мың гектар жерге дән себеді. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
-
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталады
Астана, BAQ.KZ. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау рәсімінің 25 ақпанда басталатынын хабарлады.
-
Арзан тұрғын үй «7-20-25» қатысушыларына да берілмек
Астана, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымы.
-
ШҚО-да 49 көше мен саябақтың атауы өзгерді
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жыл Шығыс өңірі үшін бірқатар ономастикалық өзгерістерге толы болды. Бірнеше жыл қатарынан созылған мораторий бұл істің ілгерлеуіне бірқатар шектеу қойғаны белгілі. Десек те, құжат талабы бір сәтке жіпсіген мезетте қоғам белсенділері бір қарқынмен облыстың әлі де сеңі қозғалмай тұрған аудан, қалаларындағы елді мекен, жер-су, көшелердің біразына ел тәуелсіздігіне сай атау беріп, енді біріне тарихи атауларын қайтарды. Есімдері ел аумағынан әрі әуелеген қазақ ғұламаларынан бастап жергілікті жерде ғана танымал болып, кейін көмескілене бастаған азаматтардың да аттары тұғырына қонды. Өңірде 2018 жылы жүргізілген ономастикалық жұмыстардың оңды нәтижесі туралы ақпарат облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен ХХVІІ сессиясында белгілі болды.
-
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды
Астана, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді.
-
Астананың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Сарыарқа ауданының әкімі болып Ерғали Егемберді тағайындалды.
-
Жол тайғақ. Қарағанды облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты
Астана, BAQ.KZ. «Қарағанды-Атасу» тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Трамп Еуропа елдерін Сириядан жауынгерлерін алып кетуге шақырды
Астана, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа мемлекеттеріне Сириядан жауынгер отандастарын елдеріне алып кетіп, оларды сотқа беруге шақырды. Оның мәліметінше, республикада Еуропадан келген 800 террорист бар. Бұл туралы америкалық көшбасшы Twitter парақшасында жазды.
-
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Наверх