Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

18 Ақпан 2019, 12:13
2173
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. 19-21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстаннан бір циклон кетпей тұрып, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан атмосфералық фронттары арқылы республиканың көптеген облыстарында алдағы үш тәуліктегі ауа райын анықтайтын келесі циклон асығуда. Сондықтан Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран, екпінді күшті жел соғады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста сулы қар жауып, кей жерлерде қалың тұман және көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары сақталады.

Өзгелердің жаңалығы