Беккер өрт датчиктерін қоймаған облыстарды атады

18 Ақпан 2019, 17:24
2439
Бөлісу:
Беккер өрт датчиктерін қоймаған облыстарды атады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өңірлерде өрт датчиктерін орнату жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Бүгінде тұрғын үйлерге автономды өрт хабарлағыштары, улы газ датчиктері мен табиғи газ сигнализаторларын орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 2434 сатып алынды. Оның 1501-і – әкімдіктер есебінен, 933 – жеке меншік компаниялар есебінен», - деп айтты Владимир Беккер.

ТЖК төрағасы қауіпті факторларды анықтау құралдары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында белсенді орнатылып жатқанын атап өтті. Алайда бірқатар өңірлерде бұл жұмыс өте баяу жүргізілуде.

«Алматы, Атырау облыстарында датчиктерді сатып алу жағдайлары бірлі-жарымды, ал Жамбыл және Түркістан облыстарында бұл жұмыс мүлдем жүргізілген жоқ. Бүгін осы облыстағы департамент басшыларымен сөйлестім. Олар бұл жұмысты әкімдіктермен бірге жүргізбекші. Реакция бар, осы облыстарда сең қозғалып жатыр», - деді ТЖК төрағасы. 

Осыған дейін Владимир Беккер тұрғын үй секторында жүргізіліп жатқан өрт-профилактикалық жұмыстары туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, 31 мың адам өрт қауіпсіздігін тексеретін мамандарды үйлеріне кіргізбеген.

Назерке Абидулла




Өзгелердің жаңалығы