Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

18 Ақпан 2019, 16:39
1833
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 19 ақпан күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 ақпан күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жауын-шашын мол жауады. 

19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 19 ақпанда бұрқасын болады, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. 

19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20,  күндіз екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

19 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 19 ақпанда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

19 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстын соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 19 ақпанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 19 ақпанда екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ауа райына байланысты Астанада түскі ауысымдағы сыныптарда сабақ болмай қалғанын және алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы