Еліміздегі сауалнама нәтижесі: Жастар отбасылық бақытты бірінші орынға қойды

18 Ақпан 2019, 12:02
2533
Бөлісу:
Еліміздегі сауалнама нәтижесі: Жастар отбасылық бақытты бірінші орынға қойды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде осылай деді.


Министрдің айтуынша, жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері отбасылық бақыт ең маңызды екенін көрсетті (70,9%). Екінші орында - денсаулық (64,3%). Үшінші кезекте – материалдық жағдай және байлық  (30,2%).

«Тағы айта кететін жайт, Қазақстан Жастар прогресінің индексі рейтингінде 102 елдің ішінде 63 орынды иеленді. Жаһандық индексте Қазақстан жастарының дамуы 183 елдің ішінде 61-ші орында. Біздің еліміз жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешетін елдердің тізіміне кіріп, әлемдегі білім беру индексі бойынша 35-ші орынды иеленді», - деді Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.

Бұған дейін министр «біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастаған жоқпыз» деген еді. Сондай-ақ, «жастар арасындағы  суицид әлі де өзекті» екенін айтқан болатын.

Атап өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы