Көктайғақта қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?

18 Ақпан 2019, 10:35
10251
Бөлісу:
Көктайғақта қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?

Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары көктайғақта және жолда қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек екендігін айтты.

Көктайғақта қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?

Жер тайғақ болғанда ең алдымен қолайлы аяқ киім киюді ойлаңыз.

Өкшесі (3-4 см-ден биік емес) орнықты, тұмсық жағы кең, бұдырлы, табаны қалың, ыңғайлы, сырғанамайтын аяқ киім киіңіз – табаны неғұрлым үлкенірек болса, соғұрлым аз тайғанайды.

Асықпай, баяу жүру үшін үйден ертерек шығу ережесін ұстаныңыз.

Қолды қалтаға салмаңыз және қол сөмкені қолыңызға іліп алмаңыз – тепе-теңдікті тез қалпына келтіру үшін қозғалуға ыңғайлы болуға қолдардың еркін қозғалысы қажет.

Иыққа асатын, тұтқасы ұзын сөмкеден бас тартыңыз, оң жақ және сол жақ қолға ауырлық бірдей болатындай, сөмкені екі қолмен ұстаңыз.

Көктайғақ кезінде қарт адамдарға сүйір кертігі бар таяқсыз немесе резеңке ұшы бар троссыз үйден шығуға болмайды (кәдімгі шаңғы таяқшасын алуға да болады).

Егер сіз ұзын пальто немесе тон киген болсаңыз, көліктен түсетін кезде немесе баспалдақпен түсіп келе жатқанда міндетті түрде киімнің етегін жартылай көтеріп алыңыз.

Кетіп бара жатқан автобустың немесе маршрутканың артынан қуа жөнелмеңіз, аяғыңыз тайып, құлап кетуіңіз мүмкін.

Егер құламауға болмайтын жағдайды сезінсеңіз, артық заттардың барлығын лақтырып тастауға тырысыңыз. Сөмкелер, егер оларда сынатын нәрсе болса, жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Құлаған кезде бұлшықеттер соққыны амортизациялау үшін оларды қатайтуға, "топтастырып" бүгілуге тырысыңыз: қолыңызды еркін ұстаңыз.

Егер арқаңызбен емес, бір бүйірлеп жерге құласаңыз жақсы: онда жеңіл жарақатпен құтылуға болады.

Егер сонда да жарақат алып, құлап қалсаңыз, травмотологиялық пунктіге қаралыңыз.

Көктайғақ жағдайында жол-көлік апаттарының алдын алу

Егер сіз көктайғақ кезінде далаға шықсаңыз, бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды ұмытпаңыз:

Қозғалыс басталмас бұрын, бұрылғанда, айналғанда, қатарды қайтадан түзегенде немесе тоқтағанда тиісті сигналдарды беруді ұмытпаңыз.

Ең маңызды сақтық шарасы - кедергісіз тоқтауға және тежеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз қашықтықты сақтау болып табылады.

Артта келе жатқан көліктің жүргізушісін алдағы тежеу туралы ескерту үшін, жыпылықтайтын тоқтау сигналымен назар аудара отырып, тежегіш басқышын бірнеше рет түртуге болады.

Жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген орындарда барынша абайлап өтуге міндетті екенін есте сақтаған жөн.

Көктайғақта және жолда қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды.

 

Өзгелердің жаңалығы