Все новости за 14 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың коммуналдық қарыздарын төлеп берді
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қалалық мәслихатының бір топ депутаты көпбалалы ана Гүлназира Смағұлаваның жағдайымен танысты. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Тұрғын үй қорына қалай жүгінуге болады?
Астана, BAQ.KZ. Барлық толғандырған сұрақтар бойынша тұрғындар Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не хабарласа алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Өскемен әкімдігі «Қысқы Өскемен» тақырыбына фотобайқау жариялады
Астана, BAQ.KZ. Өскемен әкімдігі «Қысқы Өскемен» тақырыбына фотобайқау жариялады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Ұлттық әуен әуелеген күн
Астана, BAQ.KZ. Ұлттығымызды ұлықтайтын ұлы мұра болып қалған дәстүрлі музыканы дәріптеудің тағылымы мол. Өйткені мәдениет пен өнер ғана кешегі күн мен бүгінді байланыстырып, болашаққа темірқазық бола алады. Сондықтан да өскелең ұрпақтың жезтаңдай әнші, дәулескер күйшілердің «сарқытын ішіп», олардың әндерімен құлақ құрышын қандыруы маңызды.
-
Медициналық сақтандыру жарнасын төлеуде Алматы қаласы көш бастап тұр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Медициналық сақтандыру қорына 30 млрд теңге жарна аударған. Бұл 2017 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін жинақталған түсімдердің бестен бір бөлігін құрап отыр.
-
Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерінен мол табыс түсті
Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы Алматы облысының Қарасай ауданында ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 50 миллиард теңгеден асты. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
-
Мектеп оқушылары Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ғали Омаров атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Ауғандағы отты жылдар» атты соғыс ардагерлерімен кездесу өтті.
-
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына орай екі облыста ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
-
Пешті пайдалану кезінде қандай ережерелді сақтау керек – ҚДСҰО
Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу үшін пешті пайдалану кезінде қандай ережелерді сақтау керек екендігін айтты.
-
Қарағандылық талантты жас әнші Еуропадағы өнер фестиваліне барады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының «Дәстүрлі ән» аталымында 5-сынып оқушысы, қарағандылық Бақтияр Сейфолла бас жүлдені иеленді. Енді талантты жас Еуропадағы өнер фестиваліне аттанып, қазақ әнін әуелетуіне мүмкіндігі бар. Бірақ Бақтияр мен оның ұстазы Еуропаға баратын жолақысын, тұратын жердің және тағы басқа да шығындарды өздері көтерулері қажет. Шетел сахнасында қазақ әнін шырқайтын жас әнші демеушілердің көмегіне зәру.
-
Павлоларлықтар қатерлі обыр дерті бойынша скринингтік тексеруден өтуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары қатерлі обыр бойынша скринингтік тексерулерден өтуде. Биыл бұл игілікке 220 млн. теңге бөлінді.
-
Назарбаев азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Астана, BAQ.KZ. «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
-
АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалды.
-
Үкіметте көп балалы отбасыларды қолдауға қатысты отырыс өтті
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Үкімет үйінде көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп жазады Рrimeminister.kz.
-
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Елорда әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
-
1 миллионнан 215 мың қалды: Киіктерді ату оқиғасы азаяр емес
Астана, BAQ.KZ тілшісі. АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов киік мүйізінің қанша тұратынын да айтты.
-
Елордада көпбалалы отбасыларға арналған чат-бот ашылды
Астана, BAQ.KZ. Астана әкімдігі көпбалалы отбасыларға арнап арнайы әзірленген чат-ботты іске қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Жанат Комутовтың жеке көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Жанат Комутовтың көрмесі ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Профессионалдар. Стоматолог
Тісінің түсіп қалуынан соншалықты қорқатын адам не себепті күтіммен қарамайды? Ауыздан жағымсыз иіс шығуының тіске қаншалықты қатысы бар? Ауыз қуысында тіске байланысты қандай ауру түрлері бар? Тілшінің осы және басқа сұрақтарына стоматолог Айман Мұхаметқали жауап берді.
-
Airbus ең үлкен жолаушылар ұшағын шығаруды тоқтатты
Алматы, BAQ.KZ. Airbus Еуропалық корпорациясы әлемдегі ең үлкен сериялы Airbus A380 әуе кемесін өндіруді тоқтату шешімін қабылдады, оларды жеткізу 2021 жылы түбегейлі тоқтайды.
-
Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге бірқатар комиссия түрін алуға тыйым салды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға несие беру кезінде комиссиялардың жекелеген түрлерін алуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.
-
Павлодарлықтар саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алады
Астана, BAQ.KZ. Павлодарда адамның бет әлпеті немесе саусақ іздерін анықтау арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жобасын қыркүйек айынан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Инспекторларды жарақаттау, өміріне қауіп төндіру фактілері жиі кездеседі – АШМ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов осылай деді.
-
Көкшетауда жастарға арналған тұрғын үйлер бой көтереді
Көкшетау, Baq.kz тілшісі. Биыл «Ақмола жастары» арнайы жобасы аясында Көкшетауда 4 көппәтерлі үй салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында «7-20-25» бағдарламасын түсіндіруге арналған брифингте айтылды.
-
Түркістан қаласында 14 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасы бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Түркістан қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 14 сауда нүктелері жұмыс істеуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Робототехника бойынша ЖОО арасында республикалық чемпионат өтеді
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Жастар жылын қолдау үшін 15 ақпан күні Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 10 жылдық мерейтойына арналған студенттер арасында робототехникадан ӘIITU Robocon 2019Ә бірінші республикалық чемпионаты өтеді. Қазақстанның үздік 15 студенттер командалары робототехника саласындағы чемпион атағына таласу үшін бір ойын алаңында жиналады.
-
Семейде жерасты өтпелері жөнделіп жатыр
Астана, BAQ.KZ. Семейде 20 жылдан бері назардан тыс қалған жерасты өтпелері жөнделе бастады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
-
Астанада жапон мәдениетіне арналған көрме өтеді
Астана, BAQ.KZ. Келушілер экспозицияны көріп қана қоймай – тіпті кейбір экспонаттарды ұстап та көре алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Алматыда отандық қыш бұйымдардың көрмесі өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Алматы-Арена» спорт кешеніндегі арт-орталықта керамикалық заттардың республикалық көрмесі өтіп жатыр.
-
Алматыда ер адам лифтінің шахтасына құлап мерт болды
Алматы, BAQ.KZ. Қазір бұл іс бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде, деп жазды Zakon.kz.
-
Қарағандыда көшпелі жұмыспен қамту бөлімі іске қосылды
Қарағанды, Baq.kz тілшісі. Қарағандыда жұмыспен қамту орталығының мамандарды халықты ақпараттандыру мен кеңес берудің өзгеше түрін іске қосты. Енді қарағандылықтар қаланың кез келген жерінде жұмыс істейтін көшпелі жұмыспен қамту бөлімінің қызметіне жүгіне алады.
-
Биыл Өскеменде 18 аула қайта жөнделеді
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы қалада бес жүзден астам интерактивті жарық шамдары орнатылып, аулалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында энергия үнемдегіш жарық шамдары бар 187 баған сатып алынған. Бұл жөнінде тұрғындар алдында есеп берген Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
-
Сенаторлар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың жәрдемақысын арттыруды ұсынды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар мәселесін көтерді.
-
Көкшетауда көпбалалы аналарды қолдау жобасы қолға алынады
Көкшетау, Baq.kz тілшісі. Көкшетауда көпбалалы аналарды қолдау бойынша жаңа жобалар қолға алынбақшы. Бұл туралы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен өткен жиында айтылды.
-
АҚШ гуманитарлық көмекті улап жіберді – Мадуро
Астана, BAQ.KZ. Венесуэланың жаңа сайланған президенті Николас Мадуро Euronews-ке берген сұхбатында АҚШ жіберген гуманитарлық көмек уланғанын және оны пайдалану жарамсыз екенін айтты.
-
Экономикалық тергеу қызметінде жалақы артпақ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты экономикалық тергеу қызметінің штаты 40% қысқарады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
-
Қазақстан - Ресей шекарасындағы өткізу бекеттері жетілдіріледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов осылай деді.
Парламенттің жоғарғы палатасы отырысында сенатор Нариман Төреғалиев Қазақстан-Ресей шекарасы мәселесін көтерді.
«Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерацияс
-
Астана әуежайында алғаш рет электронды отырғызу талоны енгізілді
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 және Т2 терминалдарында «ePassenger» бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қаржы министрі қызметтік көліктен бас тартты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қаржы министрлігі 400 қызметтік көліктен бас тартты. Бұл туралы ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
-
Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынастар орнатты
Астана, BAQ.KZ. Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Танзания Біріккен Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Модаст Джонатан Меро екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.
-
Димаш Испанияда түсіріліп жатқан бейнебаянынан сурет жариялады
Астана, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің Испанияда түсіріліп жатқан жаңа бейнебаянынан алғашқы кадрлар көрсетілді. Суреттер қазақстандық әншінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
-
Досаев: Кәсіпорындар алдында қомақты салықтық берешегіміз бар
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР вице-премьері Ерболат Досаев мемлекеттің кәсіпорындар алдында қомақты берешегі бар екенін мәлім етті.
-
Ақтөбелік 50 жас пәтерлі болды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбелің 50 жасқа бүгін пәтер кілті табысталды. Баспаналар «Нұр Ақтөбе» ауданында орналасқан. Жеңілдетілген бағдарлама еліміз бойынша Ақтөбе облысында ғана жүзеге асырылып жатыр.
-
Өртенген HighVill ғимараты соңғы рет 2012 жылы тексерілген
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мейрамбек Қайсанов HighVill Kazakhstan ғимараты қашан өрт қауіпсіздігі тексерісінен өткенін айтты.
-
25 жыл бұрын Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Архив фото
Астана, BAQ.KZ. Осыдан 25 жыл бұрын 1994 жылғы 14 ақпанда Вашингтонда Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядролық емес мемлекет ретінде қосылды.
-
HighVill кеңсесіндегі өрт: Ғимаратта күзетші ғана болған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мейрамбек Қайсанов HighVill Kazakhstan кеңсесіндегі өрт оқиғасы туралы толық ақпарат берді.
-
Биыл 123 объект жекешелендіріледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы 123 объект сатылымға шығарылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
-
Биыл сотта қаралатын істердің саны 9 миллионға жетеді – Асанов
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Сенат отырысында осындай болжам жасады.
-
Өскемен қаласындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы ұзартылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласындағы әуежай алдағы үш жыл көлемінде қайта жөндеуден өтеді. Алайда, оның ұшып-қону жолағын қанша ұзартқанмен халықаралық стандарттарға сай бола алмайтын көрінеді. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов мәлімдеді.
-
Жаңа судьяларды іріктеу талаптарын күшейттік – Жақып Асанов
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Сенат отырысында осылай деді.
-
Қазақстан халқы Қара майорды ақтық сапарға шығарып салды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ауған соғысында «Қара майор» деген атпен есімі аңызға айналған Борис Керімбаевты Алматы жұртшылығы соңғы сапарға шығарып салды.
-
ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz ресми сайты хабарлады.
-
Алматыда Hyundai автомобиль зауыты салынады
Алматы, BAQ.KZ. Astana Group компаниясының президенті Нұрлан Смағұловтың айтуынша, зауытта өндірілген көліктердің жартысы елімізден өзге Орталық Азия мен Украинаға сатылмақ.
-
Павлодар қаласында қоғамдық көліктерде тегін жүретін азаматтардың санаты бекітілді
Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы әкімдігімен және тасымалдаушылар арасындағы келісімге сәйкес 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 10 азаматтар санаты қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Қазақстандық тез дайындалатын кеспе алғаш рет жақын шетелдерге жеткізілмек
Астана, BAQ.KZ. «Наша чаша», «Grito», «Лагман по-дунгански» сауда маркаларымен макарон өнімдерінің және тез дайындалатын кеспенің кең сұрыпталымын шығаруға маманданған қазақстандық өндіруші Белоруссияға, Украинаға, Моңғолияға және Ресей Федерациясына өнімдерін алғаш рет жеткізуді жоспарлап отыр.
-
Қарағанды облысында ескі техниканы қабылдайтын орындар пайда болды
Астана, BAQ.KZ. Ескі электрониканы жинауға арналған бокстар облыстың төрт қаласында пайда болды. Жұмыс істемейтін гаджеттерді кәдеге жаратумен «Промотход Қазақстан» ЖШС компаниясы айналысады. 3 ай ішінде контейнерлер 104 тоннаға жуық ескі техниканы жинай алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Алтай ауданындағы инсульттік орталық үш ауданға қызмет көрсетеді
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанның Алтай қаласындағы инсульттік орталық қазіргі уақытта көршілес Катонқарағай, Күршім аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде. Бұл жөнінде Алтай аудандық мәслихатының хатшысы Лариса Гречушникова хабарлады.
-
Будапештте ВІО белгісі бар қазақстандық өнімдер сатылуда
Астана, BAQ.KZ. Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
-
Түркістан облысында ирандық компания фармацевтикалық зауыт салады
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран елінің инвесторлармен кездесті. Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген меймандар ТМД елдері арасындағы сапарын Қазақстаннан бастап отыр.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында антициклонның жотасы орналасқан, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Наверх