Қазақстан - Ресей шекарасындағы өткізу бекеттері жетілдіріледі

14 Ақпан 2019, 12:52
2003
Бөлісу:
Қазақстан - Ресей шекарасындағы өткізу бекеттері жетілдіріледі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов осылай деді.

Парламенттің жоғарғы палатасы отырысында сенатор Нариман Төреғалиев Қазақстан-Ресей шекарасы мәселесін көтерді.

«Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысы ортасындағы Сырым бекеті сізге белгілі. Осы жерлерде, әсіресе мерекелік күндердегі ірі жүк көліктерінің кептелісі жайлы сіз жақсы білесіз. Осы мәселе көптен бері көтерілгенімен, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатыр. Болашақта осы мәселе шешіле ме?», - деп сұрады Төреғалиев.

Дархан Ділманов бұл мәселе биыл шешілетінін айтты.

«Кеше ғана бірінші вице-премьердің басшылығымен жиын өтті. Оның нәтижесінде Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерін жетілдіру бойынша кешенді бағдарлама құру туралы шешім қабылданды. Біз 2019 жылы аталған өткізу бекеті қайта құрылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыспен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысатын болады», - деп жауап берді Дархан Ділманов.

Атап өтсек, бүгінгі отырыста «ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы қабылданды.
Қымбат Елтайқызы
Өзгелердің жаңалығы