14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

14 Ақпан 2019, 08:15
2336
Бөлісу:
14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында антициклонның жотасы орналасқан, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінің кей жерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 20-25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде  жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. 


Өзгелердің жаңалығы