Димаш Испанияда түсіріліп жатқан бейнебаянынан сурет жариялады

14 Ақпан 2019, 12:12
2729
Бөлісу:
Димаш Испанияда түсіріліп жатқан бейнебаянынан сурет жариялады
PHOTO

Астана, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің Испанияда түсіріліп жатқан жаңа бейнебаянынан алғашқы кадрлар көрсетілді. Суреттер қазақстандық әншінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Әнші фотосуреттерді өзінің инстаграмм-аккаунтында жариялады, сондай-ақ оқырмандарын Ғашықтар күнімен құттықтады.

  • Димаш Құдайберген

  • Димаш Құдайберген

  • Димаш Құдайберген

  • Димаш Құдайберген

«Құрметті достар! Сіздермен «Любовь уставших лебедей» әніне түсіріліп жатқан бейнебаян түсірілімінің бірнеше суретімен бөлісуді жөн санадым. Бейнебаян режиссері – Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінгендей, видео фэнтези жанрында түсірілді. Валентин күні құтты болсын, қадірлі тыңдармандарым! Сіздерді жақсы көремін!», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

 

 

Өзгелердің жаңалығы