Павлодар қаласында қоғамдық көліктерде тегін жүретін азаматтардың санаты бекітілді

14 Ақпан 2019, 10:12
1954
Бөлісу:
Павлодар қаласында қоғамдық көліктерде тегін жүретін азаматтардың санаты бекітілді

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы әкімдігімен және тасымалдаушылар арасындағы келісімге сәйкес 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 10 азаматтар санаты қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Жасалған келісімге сәйкес 10 азаматтар санаты, жалпы саны – 4991 адам қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Қоғамдық көліктерді (автобус, трамвай) тегін пайдаланатын «Алтын Алқа», «Күміс Алқамен» марапатталған аналар, бұрынғы КСРО батыр-аналардың тегін жол жүруі туралы шешіміне толықтырулар енгізіліп, белгіленген санаттағы азаматтар шағын класты (маршруттарда) автобустарда да тегін қатынай алады», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған жеңілдікке ие 10 санат:

• ҰОС мүгедектері және қатысушылары;

• «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Ленинград блокадасының тұрғыны» медалімен марапатталған азаматтар; концлагерлерде, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарында болған бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындар;

• Сүйемелдеуші адаммен жүретін барлық санаттағы 1-ші топ мүгедектері;

• Сүйемелдеуші адаммен жүретін 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

• Павлодар қаласының құрметті азаматтары, республикалық және облыстық маңызы бар зейнеткерлер;

• 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан да көп балалары (сонымен қатар, студенттер) бар көп балалы отбасылар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, КСРО батыр-аналары;

• Басқа мемлекеттер аумағында, соның ішінде Ауғанстанда әскери қақтығыстарда қатысқан тұлғалар;

• Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқан тұлғалар;

• Ауғаныстанда қайтыс болған жауынгерлердің ата-аналары;

• Бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Өзгелердің жаңалығы