Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СІМ қазақстандықтардың Грузияға кірудегі шағымдарына жауап берді

9 Маусым 2025, 18:20
309
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Грузияға барған кейбір қазақстандықтар шағымдарымен жұмыс жүргізілгенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол кейбір қазақстандықтар Грузияға кіргенде кездескен қиындықтарға байланысты шағым түсіргенін айтты.

Белгілі бір сигналдар түсті, біз оларды дереу қарастырдық. Консулдық кеңестер шақырылды. Консулдық қызмет департаментінің өкілдері Грузияға ұшып, грузин тарапымен сөйлесті: "Не болып жатыр? Неге осылай?" деген сауал қойылды. "Иә, кейбір жағдайлар болды. Біз өз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, сондықтан белгілі талаптар қойдық" деп жауап берді Грузия тарапы, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

Бірақ ресми өкіл Грузия тарапы алдағы уақытта шекара қызметкерлерімен, кеден қызметкерлерімен, шетелдік туристерді бірінші қарсы алатын мамандармен мұқият сөйлесеміз деп уәде бергенін хабарлады.

Грузия бізбен келісімге келіп, өзара түсіністік орнады. Егер болашақта осындай жағдайлар қайталанса, әрқайсысын жеке-жеке қарастырамыз, - деді Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін СІМ өкілі АҚШ-та заңсыз жүргендерге кеңес берді. Сонымен қатар Қазақстан-Ресей шекарасынын өтуге жаңа талап енгізілетіні қарастырылды. 

Өзгелердің жаңалығы