СІМ өкілі Ресей елшісінің сұхбатына қатысты түсініктеме береді

5 Желтоқсан 2022, 19:05
2665
Бөлісу:
СІМ өкілі Ресей елшісінің сұхбатына қатысты түсініктеме береді
Фото: MFA Qazaqstan

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен сұхбатына қатысты пікір білдіруге уәде берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте журналистер СІМ өкілінен «елшінің айтқан сөзі ішкі іске араласу емес пе?» деп сұрады.

Ол сұхбатты көргенім жоқ. Егер уақыт берсеңіздер мұқият қарап шығып, кейін өз пікірімді білдіремін, - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Бұған дейін Айбек Смадияров әлеуметтік желіде Ресейдің саясатын насихаттағандарға қатысты пікір білдірген еді. 

Өзгелердің жаңалығы