СІМ өкілі әлеуметтік желіде Ресейдің саясатын насихаттағандарға қатысты пікір білдірді

5 Желтоқсан 2022, 16:17
3602
Бөлісу:
СІМ өкілі әлеуметтік желіде Ресейдің саясатын насихаттағандарға қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің қазіргі саясатын қолдап, оны насихаттайтын азаматтар туралы пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Смадияровтың айтуынша, бұл процесте мәселені алдын алу Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне кірмейді, СІМ тек кеңес бере алады.

Біздің біраз азаматтар оны түсінбей, интернетте мені ешкім көрмейді екен деп, алды-артына қарамай, біраз айтып жатқан сөздері болды. Әрине, бұл біздің наразылығымызды туғызады. Біз Ішкі істер министрлігімен, жергілікті билікпен және Бас прокуратурамен бірлесіп, халыққа хабардар еттік. Интернетте өз ойыңызды жеткізген кезде заңға қарап, этиканы сақтау керек екенін айтқан болатынбыз. Интернет -  шекарасы жоқ қауым. Әркім өз ойына келгенін айтады. Сондықтан, сен мынаны айт, ал сен мынаны айт деп бәріне айта алмаймыз ғой. Бірақ нақты мемлекет ретінде хабарлама жасадық, - деді Смадияров. 

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Грекия мемлекетінің Сыртқы істер министрімен кездескен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы