Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған

15 Маусым 2023, 10:15
552
Бөлісу:
Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған
Фото: Артём Чурсинов - архив

«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы