Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 80 млн теңге салған

16 Маусым 2023, 08:18
503
Бөлісу:
Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 80 млн теңге салған
Фото: архив

Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз, – делінген хабарламада.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласуға болады: 1458, 8(7252) 77-14-48, 8-701-900-96-32.

Өзгелердің жаңалығы