Ұшақ апаты: Ұшқыштардың есімі белгілі болды

27 Желтоқсан 2019, 13:01
8507
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Ұшқыштардың есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж мүшелірнің есімдерін айтты.

Ұшақ капитаны - Мұратбаев Марат Ғаниевич, 1961 жылы 7 наурызда дүниеге келген. ATPL № 000179 капитан куәлігінің жарамдылығы 2024 жыл 26 сәуірге дейін.

Екінші ұшқыш Молдақұлов Миржан Гайнулович, 1965 жылы 4 мамырды дүниеге келген. ATPL № 000796 куәлігінің жарамдығы 2022 жылдың 6 наурызына дейін.

Үш жолсерік -  М. Валиулина, М.А. Сахов, Р.Д. Османов  болған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр.  Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы