Ұшақ апаты: Сағынтаев зардап шеккендерге барды

27 Желтоқсан 2019, 11:30
2568
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Сағынтаев зардап шеккендерге барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев апат орнына барды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкім құтқару жұмыстарының барысымен танысты. Одан кейін, Бақытжан Сағынтаев Алматы халықаралық әуежайының терминалына барды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев зардап шеккендерді апарған №4 ауруханаға, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруғанасына және Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына барды. Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза болғандың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Өзгелердің жаңалығы