Сенат қабылдаған жаңа заңды іске асыруға қосымша қаражат қажет пе?

13 Қазан 2022, 12:37
1083
Бөлісу:
Сенат қабылдаған жаңа заңды іске асыруға қосымша қаражат қажет пе?

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына тоқталсам. Аталған хаттамаға 2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, хаттама арқылы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізілген.

Қарастырылып отырған хаттаманы ратификациялау біздің еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат Кеден одағы шекарасындағы қолма-қол ақша өткізуге қатысты заңды қабылдағаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы