Сенат Кеден одағы шекарасындағы қолма-қол ақша өткізуге қатысты заңды қабылдады

13 Қазан 2022, 12:15
1039
Бөлісу:
Сенат Кеден одағы шекарасындағы қолма-қол ақша өткізуге қатысты заңды қабылдады

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдарға қатысты екі заң қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Олардың бірі – «2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң. Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін жақсартуды көздейді.

Осы бағытта қабылданған екінші заң – «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы». Аталған заңда жеке тұлғалардың ЕАЭО шегінен тыс қолма-қол ақша қаражатын өткізуі бойынша ақпарат алмасу тетіктерін жақсартуға қатысты жаңа нормалар жазылған.

Қабылданған заңдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бірлескен қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл заңдар ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы аталған қылмыстардың алдын алуға қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы