«Сөмкемде бомба бар» деген жолаушы ұсталды

Жолаушыны 5 тәулікке қамауға алынды.

24 Қыркүйек 2026, 13:10
АВТОР
 Көліктегі ПД 24 Қыркүйек 2026, 13:10
24 Қыркүйек 2026, 13:10
178
Фото: Көліктегі ПД

Шымкент – Астана бағытындағы ұшақта сөмкемде бомба бар деп әзілдеген жолаушы қамауға алынды. 

Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент әуежайында болған. Ұшуға тіркелу кезінде мас күйде болған жолаушы багажында «жарылғыш құрылғы» бар екенін айтқан.

«Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны дереу рейстен түсіріп, көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі. 

Жолаушының заттары бірден тексеруге жіберілді. Алайда ешқандай тыйым салынған немесе қауіпті заттар табылған жоқ. Көліктегі полицейлердің айтуынша, әуежайда эвакуация жүргізілмеген.

«Тексеру қорытындысы бойынша ер адам қоғамдық орынға алкогольдік ішімдік ішіп келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», - деп атап өтті полицейлер.

Көліктегі ПД ескертеді: әуежайларда және көлік инфрақұрылымы нысандарында жарылғыш құрылғылар немесе өзге де қауіп-қатерлер туралы әзіл айтуға болмайды. Адам қандай да бір зиян келтіруді көздемей, мұндай сөздерді «әзіл ретінде» айтқан күннің өзінде де, қауіпсіздікке қатысты кез келген мәлімдеме белгіленген тәртіппен тексеріліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске салайық, бұған дейін полиция ғимаратын «миналаған» 56 жастағы тұрғын ұсталды

Сондай-ақ, ұшақта бомба туралы әзіл айтқан зейнеткер Алматы-Ақтау рейсінен түсіріліп, жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Астана ғимаратына «бомба қойылды» деп хабарлаған жасөспірім Украинада ұсталды

Павлодарда алаяқтар торттың ішіне жарылғыш зат салып, зейнеткерлерге берген 

Бомба іздеу: Ақтаудағы ірі сауда орталығы қоршауға алынды

Наверх